АСТАНА. 27 наурыз. Кот-д'Ивуарда фермерлер мен малшылардың қақтығысынан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мәселе көшпелі малшылар мен отырықшы диқандардың мал жайылымындағы су ресурсын пайдалану туралы келіспеушіліктен туындаған. Қорағаныс министрлігінің өкілі Винсент Тохтың айтуынша, оқиға осы айдың 23-нен 24-не қараған түні болған. Сондай-ақ, араша түсіп, жанжалды тоқтатпақ болған тағы 39 адам зардап шеккенін, олардың ішінде бесеуі қауіпсіздік күштері қызметкерлері екенін мәлімдеді.
Бұл беріліп отырған алдын ала мәліметтер, ал билік жақын күндерде немесе сағаттарда қақтығыс құрбандарының саны өсуі мүмкін деген болжам жасап отыр.
Айта кетейік, Кот-д'Ивуарда фермерлер мен малшылар арасында қақтығыстар жиі болып тұрады, алайда мұндай елеулі шығынға барған кездері сирек. Су ресурстары мен мал өрісін пайдалануға байланысты туындаған осы кикілжіңді шаруалардың айтуынша, ол жерлерден мал айдап өткенде, егіс даласын талқандап кетеді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».

Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30