Атырау жұртшылығы да әр жылдары өңірді басқарған әкімдердің жұмысын іскерлік тұрғысынан бағалайды. Өткен сенбіде Елбасы Жарлығымен Атырау облысының әкімі болып тағайындалған Нұрлан Ноғаевтың да іскерлік танытатынына бек сенеді.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов облыс активіне таныстырған аймақтың жаңа басшысының осы қырына тоқталып өтті. Жиынға Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин қатысты.
Ал К.Мәсімов облысты 4 жылға жуық басқарған Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жаңадан жұмысын бастаған VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің Төрағасы болып сайланғанын хабардар етіп, ол жетекшілік еткен жылдары өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өз үлесін қосқанына тоқталды. Осыған байланысты Елбасының отандық экономика үшін стратегиялық маңызы айрықша зор облысты басқару жөніндегі таңдауы Нұрлан Ноғаевқа түсіп отыр.
Мұндай таңдау жасаудың бірнеше себебі бар. Біріншіден, Нұрлан Ноғаев – бірнеше мамандықты меңгерген, бірнеше тілді біледі. Оның негізгі мамандығы – мұнайшы, демек, Атырау секілді бір ғасыр мерзімнен бері «қара алтын» өндірілетін өңір экономикасының жетекші саласымен жете таныс.
Олай дейтініміз, он жылдай, яғни 1996-2006 жылдары осы саладағы отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесе құрылған кәсіпорындарда да, тіпті, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде де жұмыс істеп, табиғи байлықты ел игілігіне жаратудың қыр-сырына қаныққан деуге болады.
Екіншіден, мемлекеттік басқаруда да толымды тәжірибе жинаған. Нақтылай айтқанда, 2007 жылдан бері Батыс Қазақстан облысының басқару саласында әуелі облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары лауазымында болған. Ал соңғы 4 жылдан бері Ақжайық елі атанған өңірді абыройлы басқарды.
Осы тұрғыдан айтқанда, Елбасы тарапынан Атырау өңірінің басқару тізгінін қолға алған жаңа әкімге артылатын сенім де, жүктелетін жауапкершілік те жоғары екені аңғарылады. Өйткені, өзге өңірлер секілді Атыраудың да экономикасын әртараптандыру мәселесі өзінің маңызын жоймайды. Сонымен бірге, өңірде әлі шешімін күткен күрделі мәселелер жеткілікті.
Үкімет басшысы жаңа басшының қойнауы «қара алтынға» толы Атырау экономикасын өркендетуде, Елбасы тапсырмаларын жергілікті жерде табысты іске асыруда тәжірибесінің жеткіліктілігіне тоқталды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.

Расул Қоспанов: Президент өңірлік саясатқа басымдық береді
Сұхбат • Бүгін, 22:11
Мемлекет басшысы Тараздағы әскери мектеп-интернатқа барды
Президент • Бүгін, 21:42
Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті
Алматы • Бүгін, 21:21
Қазақстан Қысқы Олимпиадаға қанша лицензиямен барады
Спорт • Бүгін, 20:57
Премьер-министр: Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, ел экономикасы даму үстінде
Үкімет • Бүгін, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Президент • Бүгін, 20:13
Абай • Бүгін, 19:55
Қоғамды ізгілікке бастаған әлеуметтік жобалар жинақ ретінде жарық көрді
Қоғам • Бүгін, 19:28
2025 жылдың негізгі қорытындылары
Білім • Бүгін, 19:12
Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президент • Бүгін, 18:45
Қоғам • Бүгін, 18:30
Қандай аумақта отшашуды атуға тыйым салынады?
Қоғам • Бүгін, 18:00
Қазақстанның үздік футболшылары кімдер?
Футбол • Бүгін, 17:57
«Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильмінің жұлдызы Вера Алентова қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:53