Оңтүстік Қазақстан облысында жасалды
Шымкент қаласындағы №90 орта мектептің оқушылары Орталық Азиядағы алып глобусты 6 айда жасап шығарды. Жер шарының көшірмесін дайындауға аталған білім ұясының 300-ге жуық шәкірті жұмылдырылған.
– Глобустың қаңқасын құрап болған соң, сыртын гипсокартонмен қаптадық. Дайын болған макет қабырғаларын гипспен сыладық. Ал глобустың графикалық бейнесіне қажетті бұйымдар елімізде табылмағандықтан, Ресейден арнайы алдырдық, – дейді глобусты жасаған оқушылардың бірі Заңғар Рахматулла.
Оқушылардың 6 ай бойғы еңбегіне географ мамандар жоғары баға берді. Әсіресе, осы мектептің ұстаздары бұл оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыратыны сөзсіз дейді.
– Бұл глобус оқушылардың географиялық білімін жетілдіріп қана қоймай, шығармашылығын шыңдауға да мүмкіндік береді. Қазір глобусқа қызыққан балалар сол география пәніне қызығушылық танытып, қосымша сабақтарға қатысып жүр. Қала берді, осы пән бойынша түрлі білім сайыстарына қатысып, өз білімдерін дәлелдеуде. Бізге де сабақ өту жеңілдеу болып қалды, – дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерман Оңалбеков.
Айта кетейік, білім ұясында география, жаратылыстану, дүниетану сынды пәндер тереңдетіліп оқытылады. Айтпақшы, алып глобустың салмағы – 1 тонна. Биіктігі 3,5 метр болса, диаметрі 6,5 метрді құрайды.
Нұрхан НҰРБОЛАТ.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше