Театр – халықты адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Осынау ұлық өнердің тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір- тұрмысымен, мәдениетімен тығыз байланысты. Сондықтан, бұл мерейлі датаны, яғни Театр күнін өз деңгейінде атап өту бас қаланың мәдени өмірінде де дәстүрге айналған.
Таяуда Халықаралық театр күніне орай елордадағы Жастар театрында мерекелік шара өтті. Кешке Жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы орыс академиялық театры, Астана қаласы Көңілді тапқырлар мен Қуыршақ және «Наз» мемлекеттік би театрлары қатысып, көпшілік қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл күні Астана қаласының театрлары сахна мен сахна сыртындағы қызықты сәттер, әдемі әуезді әуен, миниатюралар көрсетіп, бір серпілтіп тастады.
Бағдарлама барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев елордалық театр ұжымдарын төл мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс пен шабыт тіледі. Сондай-ақ, үздік актерлерге, театр саласының майталман мамандары мен жеті театрдың әртістері елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің атынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Кеш соңында Астана қалалық мемлекеттік филармониясының шығармашылық ұжымы концерт берді. Сондай-ақ, театр фойесінде театрлар көрмесі өтті.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Digital • Бүгін, 08:20
Маман • Бүгін, 08:15
Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 08:12
Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?
Сараптама • Бүгін, 08:10
Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07
Нейрохирургияның жаңа міндеттері
Медицина • Бүгін, 08:05
Digital • Бүгін, 08:02
Өндіріс • Бүгін, 08:00
Жетісуда жел электр стансасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:45
Трансшекаралық су мәселесі реттеледі
Үкімет • Бүгін, 07:40
Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше