22 наурыз күні Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дың делегациясын Бестөбе сарайында қабылдады.
Кездесуге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған ресми делегация мен Әзербайжан, Гагаузия (Молдова), Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Македония, Моңғолия, Түрікменстан сынды елдерден келген өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар, кездесуде Түркия Премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш, Түркияның Мәдениет министрі Махир Унал болды.
Түгел түркі жұртының, Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен құттықтаған Түркия Президенті: «Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы құрылған күннен бастап, түркітілдес халықтардың өнер мен мәдениетін дамытуға зор үлес қосып келеді. Түркі дүниесіндегі бейбітқатар өмір сүру мәдениетінің қалыптасуында елеулі орынға ие. Бұл ұйымның әлемдік беделі орасан зор. Сондықтан, ТҮРКСОЙ-дың атқарып отырған жұмыстарына мән беріп, үнемі қолдау көрсетіп отырамыз.
Биылғы жылы Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралардың жоғары деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Наурыз – көктемнің хабаршысы. Түркиядағы бұл күн – бауырларды және туған-туысты біріктіретін мереке. Түркіні ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілікке шақыратын күн. ТҮРКСОЙ ұйымдастырып отырған мерекелік іс-шаралары арқылы Наурыздың қасиетімен бірге бейбіт өмірдің сағынышын насихаттап келеді. Осылайша құрлықтар арасындағы көпірлерді салып, достық қарым-қатынасты күшейтіп отырады. 28 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымында және 1 сәуірде Вашингтон қаласында өтетін мерекелік шараның сәтті өтетіндігіне сенімім мол. Осындай игі шараның басы-қасында жүрген ТҮРКСОЙ Бас хатшысына және ТҮРКСОЙ-дың жұмыстарын қолдап отырған барлық бауырларымызға алғысым шексіз,» – деп жүрекжарды тілегін жеткізді. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Түркия Президентіне алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.
Еске сала кетейік, Қазақстанның атынан Түркияның 20-дан астам қалаларында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларға «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Тараз» триосы, «Томирис» халық би ансамблінің бишілері, «Самрук» бишілер тобы қатысуда, – деп хабарлайды Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі М.Отарбаев.
«Егемен-ақпарат».

Аймақтар • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Саясат • Бүгін, 08:43
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Қоғам • Бүгін, 08:40
Саясат • Бүгін, 08:38
Еңбек • Бүгін, 08:35
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Саясат • Бүгін, 08:33
Құқық • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:28
Жаһандық рейтингте елеулі орындамыз
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Ата заң жобасы туралы ғалымдар пікірі
Ата заң • Бүгін, 08:22
Ғылым • Бүгін, 08:20
21 шетелдік байқаушы аккредиттелді
Референдум • Бүгін, 08:17
Спорт • Бүгін, 08:15
Балмұздақ өндірісінің «бағы жанды»
Өндіріс • Бүгін, 08:12