29 Наурыз, 2016

Кепілдікке алынған Египет ұшағының жолаушылары босатылды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-03-16-egipet

АСТАНА. 29 наурыз. Египет азаматы басып алған Egypt Air авиакомпаниясы A320 ұшағы Кипрдің Ларнаки аэропортына қондырылды. Құқық қорғау органдары өкілдері жүргізген келіссөзден кейін лайнер жолаушыларының басым бөлігі босатылды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Дегенмен, қазір босатылған жолаушылар жөнінде әртүрлі мағлұматтар айтылып жатыр. Олардың бірі екіншісіне қарсы келеді. Ұшақ Александрия – Каир бағытында ұшып шыққан. Ол Мысыр астанасына жергілікті уақыт бойынша 8:30 сағатта қолуға тиісті болған. Алайда, лайнер ұшып шыққанан кейін жарты сағаттан соң бақылау шеңберінен шығып кеткен. Алдын ала ақпар бойынша, ұшақ бортында 51 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі отырған. Ұшақты қорқыту жолымен басып алған ер кісі командир мен жолаушыларды өзінің талабы орындалмаған жағдайда беліне байлап алған жарылғыш затын іске қосатынын айтып қорқытқан. Лайнер капитаны Каирдегі диспетчерге ұшақты бір қаскөйдің басып алғанын ғана хабарлап үлгерген. Кейінгі түсіп жатқан ақпарларға қарағанда, 59 жастағы Египет профессоры кейпіндегі лаңкес енді өзіне басқа елден саяси баспана беруді талап етіп жатқан көрінеді. Руслан Игілік. Дерек, фото: РИА Новости.