29 Наурыз, 2016

Қарағандыда ұрылар сауда үйін тонап кетті (фото)

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-03-2016 alem 1ҚАРАҒАНДЫ. 29 наурыз. Қарағандыда белгісіз біреулер «Әлем» сауда үйінен алтын бұйымдарды тонап кетті. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұрылар бір күзетшіні соққыға жыққан. Алдын-ала болжам бойынша, сыртқы шыны есікті сындырып кірген. Олар сондай-ақ, қымбат косметикалық заттарды да тонап әкетті. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, келтірілген шығын көлемі анықталуда. Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 29-03-2016 alem 2 29-03-2016 alem 3