Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары аясында Брюссель қаласына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Брюссель қаласына келген Мемлекет басшысы «Мальбек» метро стансасында 22 наурызда болған террорлық акт құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Қазақстан Президенті осы рәсім аясында Брюссель астаналық өңірі Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
– Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды және Бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бельгияға сапар аясында, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің Еуропалық кеңес төрағасы Д.Тускпен және Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К.Юнкермен кездесуі жоспарланып отыр.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше