Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның жаңа Резидент-үйлестірушісі – БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Норимас Шимомураны, сондай-ақ, Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадовты олардың өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілімен кездесу кезінде Қ.Тоқаев Қазақстан мен БҰҰ арасындағы, ең алдымен, Президент Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті және тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын іске асыру бөлігіндегі ынтымақтастықтың күн тәртібі мазмұнды екенін атап өтті. Қазақстан қазіргі замандағы өзекті мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның рөлін нығайтуды жақтайды.
БҰҰ-ның Резидент-үйлестірушісі БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы жобалары туралы хабардар етті. Дипломат еліміздегі жаһандық ұйым институттарының жұмыс істеуі үшін жасалған жақсы жағдайға ризашылық білдіріп, орнықты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруда Парламентпен өзара іс-қимылды қолдау ниеті бар екенін мәлімдеді.
Әзербайжан елшісімен кездесуде Қ.Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан әріптестігінің стратегиялық сипатын атап өтті. Сенат Төрағасының пікірінше, екі елдің парламентшілері екіжақты деңгейде де, ТМД ПАА аясында да жемісті қызмет етіп келеді.
Әзербайжан елшісі екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ету ниетін жеткізді. Кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды өрістету, Каспийдегі өзара іс-қимылды дамыту, транзит-тасымал саласындағы ынтымақтастықты нығайту жайында әңгіме болды.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05