«Нұр Отан» партиясының кеңсесінде партия Саяси кеңесінің бюро мүшесі және Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бауыржан Байбектің басшылығымен қалалық филиал саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы болып өтті.
Бюрода «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары кандидатурасын қарау, VI шақырылған Алматы қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының фракциясын құру, сондай-ақ, фракция жетекшісін ұсыну мәселелері қаралды.
Зәуреш Аманжолованың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайлануына байланысты «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлығына Жұлдыз Омарбекованың кандидатурасы ұсынылып, бюро мүшелері оны бірауыздан қолдады.
– 20 наурызда өткен сайлау нәтижесінде VI шақырылған Парламент Мәжілісінің құрамына енген 84 депутаттың 10-ы – алматылық. Сонымен қатар, қаладағы 37 округтің 35-інде сайлаушылар «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне қолдау көрсетті. Бұдан өзге, тұңғыш рет қалалық мәслихатқа үш партияның – «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Ауылдың» өкілдері еніп отыр. Депутаттар құрамы 65 пайызға жаңарып, әйелдер мен жастардан сайланған белсенділеріміз де бар, – деп атап өтті қала басшысы Бауыржан Байбек.
Партияның қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасарын бекіткеннен кейін, бюро мүшелері мен партияның фракция өкілдері өздерінің алғашқы отырысын өткізді. Филиал төрағасы әрі қала басшысы Бауыржан Байбек жаңа депутаттық фракция бүгінгі дағдарыстық қиыншылықтар кезеңінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен 5 институттық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын және Алматы қаласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға еселенген күш-жігермен кірісетініне сенім білдірді.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30