31 Наурыз, 2016

Қазақ суретшісі

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ресей астанасында көрмесін өткізді Мәскеудегі Ұлттар үйінде суретші Нұрлан Әбішевтің кескіндеме мен графикаға арналған «Сыр-шертпе» атты жеке көрмесі өткізілді. Оған қылқалам шеберінің төл туындылары қойылды. Бұлардың қатарында оның Нью-Йорктегі «Құлпырған көктем» байқауында үздік шыққан суреттері де болды. – Мен өз шығармаларым арқылы қазақ халқының ішкі әлемін, рухын, адам­гершілігін толық ашып көрсетуге тырыстым. Ал тұңғыш қызым дүниеге келгенде қалаға басқаша көзбен қарадым. Бұл көз­қарасым тағы 200 туын­дыға айналды. Екінші қызым өмірге келгенде өз көркемдік стилімді қалып­тастырдым. Қазір өз базамды, тұғырнамамды жасаудамын. Жақын арада оны да таныстырамын, – деді суретші көрмеде. Айта кетейік, ре­сей­ліктер Нұрлан Әбі­шев­­тің шабытынан туған т­уындыларға қызы­ғу­шылық танытты. Ма­мандар тарапынан оның шеберлігіне жоғары баға да берілді. – Графика бұл, әрине, суретшінің ең мықты жұ­мысы деп айтуға болады. Халықтың аңыз, ертегісі – бәрі топтастырылған мұн­да. Өте қызықты, біздің қызметкерлер де, қонақтар да шығармашылық туын­дыларға таңғалды, – деді Мәскеу Ұлттар үйінің қыз­меткері Ольга Карелина. Бүгінде суретшінің туын­дылары еуропалықтарды да қызықтырып отыр. Сон­дық­тан, ол жеке көрмесін енді алыс шетелдерде өткізуді жоспарлап отыр. Жомарт ҚАЙРАТҰЛЫ.