АСТАНА. 31 наурыз. АҚШ президенті Барак Обама өзінің Украинаны қолдайтынын ашық білдірмеу үшін Петр Порошенкомен кездесуді қажет емес деп тапты. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Украина президенті Петр Порошенко АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Ақ үй қожайының өзімен кездескісі келмеуіне байланысты онымен әңгімелесу құрметін ала алмайтын болды. Мұны Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко өкінішпен жеткізді. «Екі президенттің бұл кездесуі Украинаға Ресеймен текетіресіп тұрған кезде қолдау көрсеткендей болар еді», – деген өкініш білдіреді ол.
Украина президенті Петр Порошенко мұнда 1-2 сәуір аралығында Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық саммитке қатысу үшін келуді жоспарластырып отыр. Жұмыс сапары кезінде украин лидері АҚШ вие-президенті Джо Байденмен, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттемен, Польша президенті Анджей Дудамен және Аргентина президенті Маурисио Макримен кездеседі.
Алайда, Украина жағының жоспарластырып қойғандарына қарамастан, АҚШ президенті Барак Обаманың кездесуден бас тартуы Киевтің еңсесін түсіріп жіберіп отыр. Украина жағын сондай-ақ, Германия канцлері Ангела Меркельдің біраздан бері қандай бір ұсыныс айтылғанына қарамастан, Порошенкомен де, Яценюкпен де кездесуден бас тартып келе жатқаны қатты мазасыздандырып жүр.
Айта кету керек, Барак Обама мұның алдында Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесуден де бас тартқан болатын.
Талғат Райымбек.
Дерек: ras.kz.
Фото: 112.ua.
• 31 Наурыз, 2016
АҚШ президенті Порошенкомен кездесуден бас тартты

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20