31 Наурыз, 2016

Белгілі архитектор Заха Хадид қайтыс болды (фото)

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016 arkhitektorАСТАНА. 31 наурыз. Белгілі архитектор әрі дизайнер Заха Хадид 65 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол Флорида штатына қарасты Майами қаласында жергілікті ауруханалардың бірінде жүрек талмасынан қайтыс болды. Заха Хадид деконструктивизмнің өкілі болған. 2004 жылы Притцкер сыйлығын жеңіп алған алғашқы әйел-архитектор атанды. Оның басшылығымен әлемнің бірнеше жерінде зәулім ғимараттар салынған. Олардың арасында Мәскеудегі Dominion Tower бизнес орталығы, Бакудегі Гейдар Алиевтің мәдени орталығы, Лондондағы су спорт түрлерінің орталығы, Римдегі XXI ғасырдағы ұлттық өнер мұражайы бар. Сондай-ақ, архитектуралық жарыстарда көптеген жеңістерге жеткен. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: «Интерфакс». 31-03-2016 arkhitektor 1 31-03-2016 arkhitektor 2 31-03-2016 arkhitektor 3