Парижде Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) штаб-пәтерінде Әзербайжан мен Ауғанстанның, Үндістан мен Иранның, Ирак пен Қазақстанның, Пәкістан мен Тәжікстанның, Түрікменстан мен Түркияның Тұрақты өкілдіктері Халықаралық Наурыз күніне арналған іс-шара ұйымдастырды.
ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Нада әл-Нашиф өз сөзінде «Наурызды мәдени әралуандық, өзара сыйластық пен үндесудің тамаша мейрамы», деп айта келе БҰҰ оның маңызын халықаралық мейрам ретінде жариялау және ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы жөніндегі көрнекі тізіміне енгізу арқылы танығанына назар аударды.
Іс-шараға жиналған қонақтар – халықаралық ұйымдардың, ғылым мен мәдениет және өнер салаларының өкілдері ұлттық тағамдардан, соның ішінде қазақ тағамынан да дәм татты. Жиын барысында Қазақстан халқының мәдени мұрасы, өнері және дәстүрі жөніндегі баспа өнімдері мен иллюстрациялық материалдар таратылды.
Ұйымдастырушылар тарапынан сөз алған Иран елшісі Ахмад Джалали жарқын мейрамға арналған салтанаттың ЮНЕСКО төрінде дәстүрге айналғанын атап өтті.
Ағымдағы жылғы желтоқсанда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі комитеті Әзербайжан, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан – 12 елдің атынан жаңартылған «Наурыз» мейрамы аталымын Адамзаттың көрнекі тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыратын болады деп күтілуде.
«Егемен-ақпарат».

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20