футбол ережесі әділетсіз жасалған деп есептейді
Ғалымдар өткен ғасырдың 70-шы жылдарының басында енгізілген ойыннан кейінгі пенальти процедурасын мүлдем әділетсіз, ал оның нәтижесі күтпеген жайттарға барынша толы деген тұжырымға қазық байлап отыр. Сондықтан да Нью-Йорк және Маастрихт университеттерінің мамандары пенальтидің футбол матчының қорытынды есебіне мейлінше аз әсер етуге алып баратын ереже ойлап шығарды.
Ойынның теориясы саласындағы сарапшы, профессор Стивен Брамс матчтан кейін белгіленетін он бір метрлік соққыларды орындау ережесінің дәстүрлі жүйесінің мұны қай команданың бірінші болып орындайтынын, осы арқылы олардың қайсысының ұтып шығатынын да анықтап беретінін алға тартады. Дәлірегі, мұны жеребе шешеді. Алайда, соққыны бастайтын команданың бүкіл серия бойына допқа ылғи бірінші болып келіп тұратын болғандықтан, түптеп келгенде, психологиялық жағынан артықшылыққа қол жеткізу арқылы 60 пайыздық жағдайда жеңіске жететіні де белгілі болып отыр.
Брамс пен Исмаилдың пікірлерінше, 1990, 1998 және 2006 жылдарғы әлем чемпионаттары кезінде өздері ойлап тапқан осы ереже қолданылғанда, Англия құрамасы жарыс жолынан күні бұрын шығып қалмаған болар еді. Осылардың бәрінде де ағылшын футболшылары пенальтиден өте алмаған. Және солардың бәрінде де олар екінші болып он бір метрлік соққылар жасап тұрған.
Математиктер пенальтиде осындай есеп-ереженің көп нәрсені шешіп кететініне имандай сеніп отыр.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30