Нұрсұлу Тапалова атындағы республикалық би байқауы көпшілікті сүйіндірді
Облыс орталығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және облыстық халық шығармашылығы үйінің 55 жылдығына арналған Нұрсұлу Тапалова атындағы III республикалық «Бидің нұры – Нұрсұлу» атты жеке орындаушылар би байқауы өткізілді.
Бұл байқауға кәсіби және әуесқой би ұжымдарының 15-25 жас аралығындағы жеке орындаушылары қатысты.
Байқау екі турдан тұрды. Бірінші турда би додасына қатысушылар халықтық би мектебі бойынша өнер көрсетті. Ал, екінші турда бишілер өз таңдаған билерін биледі.
Байқау шымылдығы Мәскеу қаласында өткен халықаралық би байқауының Гран-при жеңімпазы «Mega Star» сән және би студиясы бишілерінің биімен ашылды. Содан кейін қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапалова туралы бейнефильм көрсетілді. Тума таланттың қазақтың балет би өнерінде жарқырай жанған жұлдызды сәттері жаңғыртылып, кейінгі толқын жастарға өнеге ретінде ұсынылды. Оның кезінде академик Ахмет Жұбановтың көзіне түсіп, күміс көмей әнші Күләш Байсейітова, мың бұралған буынсыз биші Шара Жиенқұлова және басқа ұлттық өнеріміздің іргетасын қалаған ұлы тұлғалармен бірге қазақ өнері мен мәдениетінің бастауларында тұрып, ұлттық өнердің қалыптасуына бір кісідей еңбек сіңіргені белгілі. Әлемге әйгілі балет бишісі Галина Улановамен бірге биледі деген де дерек бар. Ол «Жамбыл», «Белые розы» фильмдеріне түскен. Ал, қазақ балетінің дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз деу орынды. Біз мұны атақты биші Болат Аюхановтың естелігіне сүйеніп айтып отырмыз, әрине.
Байқауға қатысушылар өнерін еліміздегі хореография саласының жетекші мамандары бағалады.
Астаналық биші Асхат Мәден байқаудың Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бірінші орынды да астаналық Сағыныш Нұрхайдарова иеленді. Екінші орын Оңтүстік Қазақстан облысының бишісі Маржан Сәрсенбекке бұйырды. Үшінші орынды Маңғыстау облысынан келген биші Анар Қыдырбаева мен ақтөбелік Кәмшат Бимағанбетова бөлісті.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан бишілердің барлығына би өнері сайысын ұйымдастырушылар атынан сый-сияпат жасалды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35