Кеше Ұлттық академиялық кітапханада «Бұл кітап әлемі...» атты Кітап айлығына арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Аталмыш шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлт Жоспары «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Болашағы Біртұтас Ұлт» бағытын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар аясында және Халықаралық балалар кітабы күні мен Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай өткізді. Оның негізгі мақсаты – кітаптың, мәдениет пен білімнің мән-маңызын түсіндіріп, ғалымдардың еңбектерін, қаламгерлердің шығармашылығы мен кітап мерейтойларын насихаттауға үндейді.
– Ұлттық академиялық кітапханада 62 іс-шара өткізіледі деп жоспарланып отыр. Олардың ішінде 21 кітап және виртуалды экспозициялардан көрмелер, абайтанушы, шәкәрімтанушы, ақын, жазушы, драматург, Қазақ ҚСР әнұраны сөзі авторларының бірі Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына байланысты «Алаш мұрасының көзі» тақырыбындағы еске алу кеші, «Әдеби мейманжайдағы» зиялы қауыммен оқырмандардың кездесуі, кітап мерейтойлары – Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романының (90 жыл), Әкім Таразидың «Құйрықты жұлдыз» (50 жыл) повесінің, Әнуар Әлімжановтың «Сувенир из Отырара» (50 жыл) повесінің бенефисі, «Тәуелсіз Қазақстан энциклопедиясы» интернет-жобасының тұсаукесері, 3 ғылыми дәріс, соның ішінде «Сөздіктер және сөздік жұмысының дамуы» тақырыбындағы дәріс, «Менің сүйікті шығармам» атты кітап конференциясы, «Менің өмірімді өзгерткен кітап» оқырман бенефисі, балалар кітабы апталығы, «Дәуір және Тұлға. З. Шашкин – жазушы, дәрігер, драматург» тақырыбындағы дөңгелек үстел, Халықаралық балалар кітабы күніне байланысты Астана қаласындағы Хэйлибери Астана халықаралық Ұлыбритания мектебінің әдеби фестивалі, т.б. бар. Осылардың барлығы Кітап айлығының аясында өтетін шаралар, – деді алғаш болып сөз алған Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Үмітхан Мұңалбаева.
Сондай-ақ, жиынға академик, «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ғарифолла Есім, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, жазушы Толымбек Әбдірайымұлы қатысып, бастаманың қадамына сәттілік тілеп, өз ұсыныстарын да ортаға салды.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30