ҚАРАҒАНДЫ. 2 сәуір. Қарағандыдағы «Әлем» сауда үйіндегі бутик иелері ұрылар тонап әкеткен алтын бұйымдарының жалпы құны 226 миллион теңгенің шамасында болғанын айтты. Бұл туралы nv.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл сома әзірге шартты түрде алынған. Қазіргі кезде бутик иелері ресми түрде есеп-қисап жүргізетін аудитор іздестіруде. Тексерістен кейін зардап шеккен кәсіпкерлер сауда үйінің әкімшілігі шығынның бәрін өтеуі керек деген талап қойды.
Әзірге полиция қызметкерлерінің қолында күдіктілер туралы ешқандай дерек жоқ. Бір белгілісі – сауда үйін екі күдікті тонаған. Олар аяқтарына бахила, қолдарына қолғап киіп, арам істерін жүзеге асырарда аса сақ қимылдапты. Ал сол күні сауда үйінде кезекшілікте болған күзетші ұшты-күйлі жоғалған.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: nv.kz.
• 02 Сәуір, 2016
Қарағандыда 226 миллион теңгенің заттары қолды болды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше