02 Сәуір, 2016

Petrobas компаниясы 12 мың қызметкерін қысқартады

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-04-2016 PetrobasАСТАНА. 2 сәуір. Бразилияның Petrobas мұнай компаниясы 12 мың қызметкерін қысқартады. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, өз еркімен жұмыстан кету жөнінде арыз жазған әрбір адамға компания басшылығы 200-700 мың реал көлемінде сыйақы береді. Бұл 56-195 мың долларды құрайды. Қызметкерлерін қысқарту бойынша Petrobas 2020 жылға қарай 9,25 миллиард доллар үнемдеуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты 2014 жылы 6 мыңнан астам адам жұмысынан кеткен. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: energyvoice.com.