03 Сәуір, 2016

Елбасы ресми сапармен Куба Республикасына барды (фото)

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-04-2016 cuba 2АСТАНА. 3 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куба Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықты, сауда-экономикалық ықпалдастықты, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеңейту және саяси диалогты жалғастыру арқылы нығайту жолдарын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада қазақстандық және кубалық мамандардың тәжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады. Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында Қазақстанның кандидатурасын Кубаның қолдауы тұрғысынан қол жеткен уағдаластыққа қанағаттанушылық білдірді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: akorda.kz. 03-04-2016 cuba 4 03-04-2016 cuba 3 03-04-2016 cuba 5