АСТАНА. 4 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Қосағаш ауылында Мұхаммедәлі Құрақ есімді 4 сыныптың оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарып алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жұртшылыққа батыр баланың ерлігі туралы хабарды Алтынтөбе ауылының тұрғыны Сейдалы Дүйсебайұлы жеткізді. Ол facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқиғаның қатты нөсерден кейін болғанын айтты. «Түнімен төккен жауын ауыл ішін селдете өте шыққан. Сол тасқында Қосағаш ауылында 3 жасар қызды су ағызып біраз жерге барғанда мына бір қаршадай бала құтқарып алыпты. Құтқарып алғасын ессіз жатқан кішкентай бүлдіршіннің көкірегін басып, жұтқан лай суын құсқызыпты. Лай сумен бірге шөп-шалам, ағаш бұталары түсті дейді көргендер. Ауыл тұрғындары қаршадай баланың ерлігін аңыз қып айтып жүр.
Баланың аты Мұхамедәлі. 4 сыныпта оқиды», деді ол.
Біз осыны ести сала баланың өзімен немесе әкесімен хабарласуға асықтық. Алайда Қосағаш ауылында ұялы байланыс нашар болғаннан кейін әзірше Сейдалы Дүйсебайұлының хабарымен шектелуді жөн көрдік.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: Сейдалы Дүйсебайұлының facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы.
• 04 Сәуір, 2016
Оңтүстікте мектеп оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше