АСТАНА. 4 сәуір. Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында Қазақстанның сауда үйі ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасының хабарлауынша, ауған жерінде алғаш рет ашылып отырған сауда үйі «Ауғанстан Экспо орталығы» сауда-көрме павильонының аумағында орналасқан. Сауда үйі Қазақстан сыртқы сауда палатасы мен еліміздің Ауғанстан Ислам Республикасындағы елшілігінің көмегімен ашылды.
Еліміздің Ауғанстан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Бітімов сауда үйінің кәсіпкерлеріміздің өз өнімдерін тегін саудаға шығаруға мүмкіндік беретінін, екі жаққа да тиімді келісім-шарттар жасап, сауданың нағыз қызған ордасына айналатынын атап өтті.Оның айтуынша,жақын арада қазақ кәсіпкерлері Кабулға келіп, бірқатар екіжақты кездесулер мен бизнес-форумдар өткуді жоспарлап отыр. Осы жерде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Ауғанстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылады.
Қолда бар деректерге қарағанда, қазір екі елдің арасындағы экономикалық байланыстар жыл сайын дамып келеді. Мысалы, былтыр Қазақстан Ауғанстаннан 3 млн. доллар шамасында тауарлар импорттаған болса, Қазақстанның Ауғанстанға экспорты 333 млн. долларға жеткен. Бұл ұзақ жылдар бойы азаматтық соғыстан көз ашпай, қолына қару ұстап, таулы-тасты жерлерде асынған қаруын тастамай жүрген ауған халқы үшін жақсы көрсеткіш. Екі елдің аарсындағы саудада ұн мен мұнай өнімдері көп сатылады. Сондықтан елімізге Ауғанстан сияқты мұнай шикізаты мен егін алқабы аз, таулы-тасты жері басым елдерге арпа, бидай мен қара алтынды көбірек сатқан жөн.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Қазақстанның Cыртқы сауда палатасы.
Фото: egemen.kz

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше