04 Сәуір, 2016

«Қайрат» сырт алаңда «Ақжайыққа» есе жіберді

332 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
04-04-2016-KPL 01АСТАНА. 4 сәуір. Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының 3-туры ойындары ойналды. Орталық кездесу саналған «Астана» – «Ақтөбе» матчында елордалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ал турдың басты сенсациясы Оралда өткен жергілікті «Ақжайық» пен Алматының «Қайраты» арасындағы кездесуде тіркелді. Аталған ойында алаң иелері азулы қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсіп, үш ұпайға қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғашқы екі турда 1-ақ ұпай жинаған «Қайрат» Оралға тек жеңіс үшін келгені сөзсіз. Көпшілік мамандар мен жанкүйерлер де бұл ойында алматылықтардың жеңісіне күмән келтірген жоқ. Алайда, ойын мүлдем басқа бағытта өрбіді. Бірінші таймда қос команда да аянып қалған жоқ. Әсіресе, оралдықтардың белсенділіктерін ерекше атап өткен жөн. Дегенмен, үзіліске дейін есеп ашылмады. Кездесудің екінші бөлігі «Ақжайықтың» шабуылымен басталды. Алаң иелерінен мұндай қарсылық күтпеген алматылықтар өз айып алаңдарында ойын ережесін бұзуға мәжбүр болды. Нәтижесінде 48-минутта төреші «Қайраттың» қақпасына пенальти белгіледі. Он бір метрліктен мүлт кетпеген Фредди Корнелл есеп ашып, командасын алға шығарды. Арада 9 минут өткенде, Александр Бородюктің шәкірттері таразы басын теңестірді. Бұл жолы ойынға тыңнан қосылған Виталий Ли мергендігімен көзге түсті. Десек те, алаң иелеріне екінші голды соғу үшін 5 минут жеткілікті болды. Атап айтқанда, 62-минутта Руслан Валиуллин нәтижелі соққы жасап, оралдықтар екінші рет есепте алға шықты. Қалған уақытта алматылықтар қанша шабуылдағанымен ойын соңына дейін есеп өзгерген жоқ. Тіпті, 83-минутта пенальтидің өзін орындай алмаған «Қайрат» ойыншылары осымен биылғы маусымда екінші рет жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, аталған ойында ресейлік ойыншы Андрей Аршавин «Қайрат» сапында алаңға шығып, Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы кездесуін өткізді. 04-04-2016-KPL 02 Қазақстан премьер-лигасы 3-турының хаттамасы «Ақжайық» (Орал) – «Қайрат» (Алматы) 2:1 3 сәуір. Орал. «Ақжайық» стадионы. 2 500 көрермен. Төрешілер: Артем Кучин (Қарағанды), Әлібек Әубәкіров (Астана), Сергей Калачев (Атырау). «Ақжайық»: Роман Багаутдинов, Эльдар Абдрахманов (Еркін Тапалов 26), Саша Колуния, Данило Николич, Руслан Валиуллин, Предраг Говедарица, Фредди Корнелл, Захар Коробов, Сергей Гридин, Эдуард Сергиенко (Иван Антипов 73), Олег Хромцов (Қуаныш Бегалин 51). «Қайрат»: Владимир Плотников, Бруно Соарес, Ермек Қуантаев, Жарко Маркович (Гаэль Тавамба 68), Лукаш Тесак, Андрей Аршавин, Михаил Бакаев, Аслан Дарабаев (Виталий Ли 53), Бауыржан Исламхан, Анатолий Тимощук, Жерар Гоу (Исламбек Қуат 77). Голдар: Фредди Корнелл 48 (пенальти), Руслан Валиуллин 62 – Виталий Ли 57. Ескертулер: Предраг Говедарица 3, Олег Хромцов 35, Роман Багаутдинов 90+4 – Бруно Соарес 22, Исламбек Қуат 90+4.   «Жетісу» (Талдықорған) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:2 3 сәуір. Талдықорған. «Жетісу» стадионы. 1 500 көрермен. Төрешілер: Александр Алиев (Алматы), Евгений Бельский (Тараз), Денис Виноградов (Петропавл). «Жетісу»: Андрей Шабанов, Максим Азовский, Ілияс Әмірсейітов, Марко Джалович, Борис Дидье Кадио, Мартин Кляйн, Илья Калинин, Гиорги Мойсов (Марко Симоновски 46, Серік Сағындықов 72), Филипп Рудик (Боти Демель 46), Бауыржан Тұрысбек, Душан Савич. «Ордабасы»: Сергей Бойченко, Ренат Абдулин, Александр Симчевич, Гафуржан Сүйімбаев, Бранислав Трайкович, Абдуллаи Диакате, Азат Нұрғалиев (Бекзат Бейсенов 89), Доминик Чатто, Филипп Касалица, Еркебұлан Тұңғышбаев, Эдин Юнузович. Голдар: Борис Дидье Кадио 90 – Эдин Юнузович 25, Азат Нұрғалиев 38. Ескертулер: Филипп Рудик 28 – Александр Симчевич 27, Еркебұлан Тұңғышбаев 33, Сергей Бойченко 80. Алаңнан қуылды: Еркебұлан Тұңғышбаев 67 (екінші ескерту).   «Ертіс» (Павлодар) – «Атырау» (Атырау) 3:0 3 сәуір. Павлодар. Орталық стадион. 5 000 көрермен. Төрешілер: Акмалхан Холматов (Қызылорда), Сергей Васютин (Алматы), Максим Панин (Қостанай). «Ертіс»: Давид Лория, Елдос Ахметов, Александр Кислицын (Руслан Есімов 26), Сергей Малый, Георгас Фрейдгермас, Казбек Гетериев, Гогита Гогуа, Томаш Ирсак, Карлос Мануэл (Роман Мұртазаев 46), Усман Джаллоу (Байе Джибсон Фалль 85), Игнасио Эррера. «Атырау»: Жасур Нәрзіқұлов, Алдан Балтаев, Владислав Кузьмин, Абдель Ламанж, Алексей Мулдаров, Владимир Аржанов, Ұлан Қонысбаев (Александр Дамчевски 69), Валерий Коробкин, Вячеслав Шарпар (Павел Шабалин 60), Ги Стефан Эссаме, Пшемыслав Трытко (Александр Макась 57). Голдар: Роман Мұртазаев 50, Сергей Малый 59, Гогита Гогуа 82. Ескертулер: Давид Лория 7, Руслан Есімов 30 – Пшемыслав Трытко 7, Владислав Кузьмин 29, Ги Стефано Эссаме 64, Алексей Мулдаров 90. Алаңнан қуылды: Владислав Кузьмин 64 (екінші ескерту).   «Тобыл» (Қостанай) – «Шахтер» (Қарағанды) 3:0 3 сәуір. Затобольск. «Затоболец» стадионы. 3 000 көрермен. Төрешілер: Сергей Гороховодацкий, Серік Қошқаров (екеуі де – Алматы), Елеш Құсайынов (Астана). «Тобыл»: Владимир Логиновский, Денис Главина, Виктор Дмитренко, Дмитрий Мирошниченко, Сергей Яворский, Иоан Чиприан Дяк, Артурас Жулпа (Рауль Джалилов 56), Нұрбол Жұмасқалиев (Сергей Хижниченко 82), Альмир Мухутдинов, Алассане Ндиайе, Томаш Шимкович (Тимур Досмағамбетов 85). «Шахтер»: Ярослав Багинский, Михаил Габышев, Олексий Курилов, Игорь Пикалкин, Иван Садовничий, Мақсат Байжанов, Қуаныш Ермеков (Айдос Тәттібаев 63), Айбар Нұрыбеков (Моштаг Якуби 63), Сергей Скорых (Андрей Финонченко 72), Юлиус Соке, Корнелис Петрус Уббинк. Голдар: Сергей Яворский 27, Томаш Шимкович 38, Сергей Хижниченко 82. Ескертулер: Альмир Мухутдинов 21, Виктор Дмитренко 89, Сергей Хижниченко 90+4 – Юлиус Соке 49, Андрей Финонченко 83.   «Астана» (Астана) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 1:0 3 сәуір. Астана. «Астана Арена» стадионы. 7 500 көрермен. Төрешілер: Асхат Абданбаев, Александр Полуэктов (екеуі де – Тараз), Виталий Дерцапф (Орал). «Астана»: Ненад Эрич, Марин Аничич, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников (Юрий Логвиненко 78), Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Асхат Тағыберген (Бесарт Абдурахими 79), Джордже Деспотович, Таңат Нөсербаев (Алексей Щеткин 67), Патрик Твумаси. «Ақтөбе»: Самат Отарбаев, Бағдат Қайыров, Куасси Куаджа, Марат Ситдиков, Егор Сорокин, Никита Бочаров, Бобир Давлатов (Дидар Жалмұқан 5, Сандро Цвейба 73), Асланбек Кәкімов (Самат Смақов 76), Михаил Петролай, Кирилл Шестаков, Тоқтар Жаңғылышбай. Гол: Патрик Твумаси 83. Ескертулер: Дмитрий Шомко 59 – Тоқтар Жаңғылышбай 27, Бағдат Қайыров 44.   «Тараз» (Тараз) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 1:3 3 сәуір. Тараз. Орталық стадион. 2 500 көрермен. Төрешілер: Айдын Рахымбаев (Алматы), Ғалым Айжігітов (Қызылорда), Андрей Козлов (Ақтау). «Тараз»: Александр Григоренко, Мақсат Әмірханов (Берік Айтбаев 85), Илья Воротников, Дмитрий Евстигнеев, Йоан Мера, Бауыржан Байтана, Тарас Данилюк (Бақытжан Рымтаев 81), Құрмет Қараман, Әлішер Сүлей, Марат Шахметов, Малик Мане «Оқжетпес»: Саша Стаменкович, Виталий Волков, Даниил Чертов, Олександр Чижов, Антон Чичулин, Жақып Қожамберді, Ильнур Мангуткин, Серж Нганбе (Антон Куксин 88), Джозеф Нэйн, Марат Хайруллин (Санат Жұмаханов 84), Әлібек Бөлешев (Жасұлан Молдақараев 81). Голдар: Марат Шахметов 44 – Әлібек Бөлешев 11 (пенальти), Антон Чичулин 75, Серж Нганбе 78. Ескертулер: Мақсат Әмірханов 37 – Джозеф Нэйн 43, Даниил Чертов 50, Жақып Қожамберді 55.

3-тур ойындарының қорытындысы бойынша турнир кестесі04-04-2016-KPL 4-tur keste

Үздік мергендер:
  1. Эдин Юнузович («Ордабасы») – 3 гол;
  2. Азат Нұрғалиев («Ордабасы») – 3 гол;
  3. Роман Мұртазаев («Ертіс») – 2 гол.
4-тур ойындары 9 сәуір күні ойналады. Аталған турдағы қарсыластар реті төмендегідей: «Ақжайық» – «Оқжетпес» «Ақтөбе» – «Жетісу» «Атырау» – «Қайрат» «Шахтер» – «Ертіс» «Ордабасы» – «Тобыл» «Астана» – «Тараз». Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: pflk.kz.