04 Сәуір, 2016

Ақтөбеде республикалық би байқауының жеңімпаздары анықталды

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АҚТӨБЕ. 4 сәуір. Облыс орталығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және облыстық халық шығармашылығы үйінің 55 жылдығына арналған Нұрсұлу Тапалова атындағы III республикалық «Бидің нұры – Нұрсұлу» атты жеке орындаушылар би байқауы  мәреге жетті.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқауды ұйымдастырудың мақсаты – қазақтың балет бишісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Тапалованың шығармашылығын насихаттау, хореография өнерін және халықтық билердің жеке орындаушыларын өскелең ұрпақ пен шығармашыл жастар арасында кеңінен насихаттау. Оған жастары 15-25 аралығындағы еліміздің Астана, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Семей, Тараз, Ақтау, Ақтөбе қалалары мен Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан 14 кәсіби және әуесқой би ұжымдарының жеке орындаушылары қатысты. Екі тур бойы би байқауына қатысушылардың актерлік шеберлігін, көркемдік-сахналық бейнесін, би қозғалысының мәнері мен ерекшелігін саралаған қазылар алқасының шешімімен астаналық биші Асхат Мәден байқаудың Гран-При жүлдесін жеңіп алды. Бірінші орынды да астаналық Сағыныш Нұрхайдарова иеленді. Екінші орын Оңтүстік Қазақстан облысының бишісі Маржан Сәрсенбекке бұйырды. Үшінші орынды Маңғыстау облысынан келген биші Анар Қыдырбаева мен ақтөбелік Кәмшат Бимағанбетова бөлісті. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан бишілердің барлығына да би өнері сайысыен ұйымдастырушылар атынан сый-сияпат жасалды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????