АСТАНА. 4 сәуір. Ирак аумағындағы бірнеше жарылыстан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, алғашқы жарылыс Ирак астанасы Бағдадтың оңтүстігіндегі Ди-Кар провициясында болды. Бұл жерде 5 әскери адам опат болып, 27 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, белгісіз біреулер кетіп бара жатқан жолдарына жарылғыш зат орнатқан. Reuters агенттігі осыған дейін мерт болғандардың саны 20 адамға жеткенін мәлімдеді.
Дәл осы уақытта Садр-эль-Кана аймағында емхана жанында жанкешті өзін өзі жарып жіберді. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 9 тұрғын зардап шекті. Сондай-ақ, Бағдад пен Басра қаласының аралығындағы мейрамханалардың бірінде тағы бір содыр жарылыс ұйымдастырып, 4 бейбіт адам мерт болды және 20 адам жарақат алды.
Әзірге лаңкестік шабуылдарды ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: ТАСС.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше