АСТАНА. 4 сәуір. Австралияның Мельбрун қаласындағы Джейд Хэмейстер есімді мектеп оқушысы поляр экспедициясының ең жас қатысушысы атанбақшы. Бұл туралы vesti.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
14 жастағы бозбала солтүстік және оңтүстік полюстерге, сондай-ақ, Гренландияға саяхат жасамақшы. Жасөспірімнің саяхаты бір жылдан астам уақытқа созылады. Ең бастысы ол саяхатқа әкесімен бірге шығады.
Джейд Хэмейстер және оның әкесі Пол саяхат барысында мұз бен қар жастанған екі мың километр жерді жүріп өтуі тиіс. Сондай-ақ, олардың саяхаты үш кезеңнен тұрады. Саяхатшылар алдымен 21 күн солтүстік полюсте, 2017 жылдың сәуір айында Гренландияны басып өтіп, оңтүстік полюске аттанады.
Айта кетейік, әкесі мен қызына солтүстік және оңтүстік полюстерді шаңғымен бағындырған тұңғыш австралиялық құрметіне ие болған гид – Эрик Филипс көмектеседі. Батыл жасөспірімнің әкесі қиын жағдайда өмірмен күрескен адам. Оның жеңістерінің бірі – Эверестке көтерілу. Ал Джейд биылғы жылдың басында Жаңа Зеландиядағы жаттығу лагерінде кроссфитпен айналысып, күрделі жағдайларда аман қалу курсынан өтіп, шаңғы тебуді де үйренген. Оның айтуынша, саяхатқа шығу үшін ол 12 жасынан бастап жаттыққан.
Салтанат Жүсіп.
Дерек: vesti.ru.
Фото: massaget.kz.
• 04 Сәуір, 2016
14 жастағы оқушы-поляр экспедициясының ең жас мүшесі

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше