Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу шаралары қызу жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен әкімдік қызметкерлері, тіпті жер-жердегі тұрғындардың өзі жағдайды күндіз-түні бақылап, не нәрсеге болса да сақадай сай отыр.
Бірақ, соған қарамастан, қарғын судың ырыққа көнбей, тосын мінез танытып жатқан оқиғалары оқтын-оқтын естіліп қалып жатыр. Мәселен, Шет ауданындағы Нұра-Сарысу бассейнінің Төменгі Нарбақ су қоймасында бөгет бұзылып, республикалық маңыздағы «Қызылорда – Павлодар» жолының 796 шақырымы тұсында асфальттің 5-6 метр бөлігін су шайып кетті. Тиісті орындардың мамандары аталған жолда автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жол бойына бекет те орнатылған. Қазір су Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзені аңғарында орналасқан Бидайық су қоймасына кетіп жатыр. Бұдан әрі артық су табиғи жолмен Сарысу өзеніне құйылады.
Сондай-ақ, өңірдегі Шерубай-Нұра және Мойынты өзендерінде де су көтеріліп, елді мекендерді су алу қаупі сақталып отыр. Дегенмен, төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар жағдайды толық бақылауда ұстап отырмыз деп сендірді.
Қазіргі уақытта облыста күрт еріген қар суының жолын аршу бойынша шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл іске құтқару қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
Қарағанды облысы.

Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10