АҚМОЛА. 6 сәуір. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Тайжанов Азамат Айтбайұлы Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аудан активіне жаңа әкімді өңір басшысы Сергей Кулагин таныстырды.
«Аршалы ауданы Астанаға жақын аудандардың бірі. Мұнда көптеген жұмыстар атқарылуда. Дегенмен бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша әлі де қарқынды жұмыс күтілуде. Инвестиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс салаларын жандандыру бағытындағы жоспарларды орындау міндеті тұр», – деді облыс әкімі өз сөзінде. Сондай-ақ, өңір басшысы жаңа әкімнің жұмысына табыс тіледі.
Азамат Айтбайұлы, 1985 жылы туған. Білімі жоғары. Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетінің бакалавриатын және магистратурасын аяқтаған. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы аясында 2010 жылы Жапонияда Токай университетінен білім алған.
Азамат Тайжанов еңбек жолын 2005 жылы Астанадағы «Ықылас К» серіктестігінде менеджері болып бастаған. 2007 жылғы қарашадан бастап 2008 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды атқарды. 2008 жылғы қыркүйектен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде эксперт болды. 2011 жылғы ақпаннан - Қазақстан Президенті Кеңсесінің кеңесшісі. 2013 жылғы сәуірден бастап Степногорск қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасады.
2013 жылғы маусымнан осы күнге дейін Егіндікөл ауданының әкімі болды.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29