АСТАНА. 6 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Таулы Қарабақтағы қазіргі ахуалға айрықша назар аударылды. Мемлекеттер басшылары қақтығысушы тараптарды оқ атуды доғару режімін қамтамасыз етуге және бейбіт келіссөзді қайта қалпына келтіруге шақырды.
Қазақстан Президентінің Брюссельде және Вашингтонда өткен келіссөздеріне орай Украинадағы ахуалды реттеуге байланысты пікір алмасылды.
Сондай-ақ, еуразиялық интеграция, атап айтқанда, алдағы уақытта Астанада өткізу жоспарланып отырған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мәселелері талқыланды.
Телефон арқылы әңгімелесуге Ресей жағы бастамашы болды.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: akorda.kz.
• 06 Сәуір, 2016
Елбасы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Кеше
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Кеше