06 Сәуір, 2016

Астанада мүлікті заңдастыру жалғасып жатыр

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06.04.2016 AST-7 АСТАНА. 6 сәуір. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Астана қаласы бойынша жалпы құны 25 млрд. 940 млн. теңге болатын 5 569 нысан заңдастырылды. Бұл туралы қалалық қаржы басқармасының басшысы Руслан Досаевтың ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. «Бүгінде Астана қаласындағы əрбір ауданның əкімдігі жанынан жария ету жөніндегі комиссиялар құрылды. Осы комиссияларға заңдастыру мəселесі бойынша 15 мыңнан астам өтініш келіп түскен», деді  қаржы басқармасының басшысы Руслан Досаев. Оның айтуынша, комиссиялар тіркелген өтініштердің 2 544-ін қарап, 25 млрд. 940 млн. теңге болатын 5 569 нысанды заңдастыру туралы шешім қабылдады. Соынмен бірге Астана қаласы бойынша бес заңды тұлғаға 458 млн. теңге заңдастырылды. Осы кезге дейін 127 млрд. теңгеден астам қаражатты заңдастыру үшін 59 декларация ұсынылды. 8 млн. 110 мың теңге соманың құнды қағаздары заңдастырылды. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: astana.gov.kz