2015 жылғы 2 сәуір, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарындағы кадрлармен жұмысты ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2014 жылғы 7 қазандағы №10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында конкурстық іріктеу жүргізуді жетілдіру мақсатында, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарындағы кадрлармен жұмысты ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9784 тіркелген, 2014 жылғы 14 қазандағы «Егемен Қазақстан» № 200 (28423) газетінде жарияланған) 2014 жылғы 7 қазандағы №10 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын лауазымдарға орналасу үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларында:
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Агенттіктің, аумақтық бөлімшелер басшыларының, олардың орынбасарларының, сондай-ақ қажет болған жағдайда ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің бос лауазымдарына конкурсты Агенттік өткізеді.»;
10-тармақта:
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) медициналық куәландыру, полиграфиялық зерттеу;
6) дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру;»;
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңның 6-бабының 1және 2-тармақтары мен 10-бабының талаптарына, бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келген үміткерлер конкурстың кейінгі кезеңдеріне (тестілеу, медициналық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, әңгімелесу) конкурстың алдыңғы кезеңдерінен өткен жағдайда жіберіледі. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілген үміткерлерге конкурстың кезеңдерін өткізу күні туралы телефон арқылы немесе олардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жолдау арқылы хабарлайды.»;
мынадай мазмұндағы 10-1 – тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Үміткерлер конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң қаражаттары есебiнен жүргiзедi.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Конкурстық комиссияны Агенттікте – Агенттік Төрағасы, аумақтық бөлімшелерде – аумақтық бөлімшенің басшысы (бұдан әрі – уәкілетті басшы) құрады.»;
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурстық комиссияның құрамына сотқа дейінгі тергеу қызметінің, ішкі қауіпсіздіктің, персоналмен жұмыс жасау қызметінің басшылары, психолог, Агенттіктің, оның аумақтық бөлімшелерінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің құрамына кіретін тұлғалар, сондай-ақ осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген адам айқындайтын өзге тұлғалар енгізіледі.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Агенттіктің, аумақтық органның персоналмен жұмыс қызметіне мынадай құжаттарын тапсырады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті;
2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы конкурсқа қатысуға арналған сауалнаманы;
2-1) осы Қағидалардың 3-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша А4 форматында өз қолымен жазылған және басылған түрдегі өмірбаянын;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiн;
4-1) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотарилады түрде куәландырылған көшірмесі;
4-2) қызметтік тізім (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады);
5) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың көшірмесі;
6) өлшемі 4х6 фотосурет (4 дана).
3), 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.»;
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электронды пошта арқылы конкурсқа қатысу үшін құжаттарын берген азаматтар осы Қағидалардың 23-тармағы 3)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстырып тексеру үшін тестілеу өткізілгенге дейін бір күннен кешіктірмей ұсынады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Құжаттарды қолма-қол қабылдау кезінде үміткерге құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, уақыты мен күні көрсетілген талон беріледі. Құжаттарды электронды түрде ұсынған жағдайда, бақылау және құжат айналымы қызметі үміткерге құжаттардың алынғаны туралы растау жолдайды.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды конкурс кезеңдерінен өтуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді шешім қабылдайды.
Шешім хаттама түрінде ресімделеді және Төраға, конкурстық комиссияның мүшелері және хатшысы қол қояды.
Конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілген үміткерлердің тізімі тексеру жүргізу үшін Агенттіктің ішкі қауіпсіздік қызметіне жолданады.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша қызметке жарамды деп танылған үміткерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырады.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Үміткерлерді медициналық куәландыру Заңның 6-бабының негізінде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық куәландыруды ұйымдастыру персоналмен жұмыс жасау қызметіне жүктеледі.
Медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша қызметке жарамды деп танылған үміткерлерге мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының тиісті бөлімшелерінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолдама беріледі.»;
52-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әңгімелесу барысында үміткерге дәлелді сұрақтар және құзыреті бойынша сұрақтар қойылады, ахуалдық тапсырмалар қолданылады, әңгімелесу парақтары жүргізіледі.»;
53-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Үміткерлермен әңгімелесу хаттама түрінде ресімделеді және техникалық жазба құралдарының (аудио және (немесе) бейне) көмегімен куәландырылады.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Әңгімелесу аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күннен кешіктірмей өткiзiлуi тиiс қорытынды отырыста конкурстық комиссия үміткерлерді берген құжаттары, тестілеудің, медициналық куәландырудың, полиграфологиялық зерттеулердің, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудың, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.»;
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«62. Конкурстық комиссияның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарына құқық қорғау қызметіне қабылдау туралы оң шешім қабылданған үміткер мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының тиісті құрылымдық бөлімшесіне тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Үміткердің құжаттары ұлттық қауіпсізідік органдарына арнайы тексеріс жүргізу үшін жолданады.»;
64-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Құқық қорғау қызметіне алғашқы рет қабылданатын, конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткер тағылымдамадан өтуге жатады.»;
Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын лауазымдарға орналасу үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларында:
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 3-1 қосымшасымен толықтырылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес 6-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарында:
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қызметке қабылдау туралы оң шешім алған жағдайда әңгімелесу өткеннен кейін бес жұмыс күн ішінде персоналмен жұмыс жасау қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы конкурсқа қатысуыға арналған сауалнама;
2-1) осы Қағидалардың 3-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша А4 форматында өз қолымен жазылған және басылған өмірбаянын;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
4-1) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотарилады түрде куәландырылған көшірмесі;
4-2) қызметтік тізім (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерімен ұсынылады);
5) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғанын немесе кейінге қалдырылғанын растайтын құжат көшірмесі;
6) 4х6 көлемдегі суреті (4 дана);
7) үміткер және оның зайыбы (жұбайы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыстары және мүлкі туралы декларацияны табыс еткенін растайтын құжаттар.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының, сондай-ақ басқа құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерін қызметке қабылдау кезінде персоналмен жұмыс жасау қызметі мұрағаттық жеке істі зерделейді және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттарды тіркейді.»;
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарында:
осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес 3-қосымшасымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әкімшілік жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қ. ҚОЖАМЖАРОВ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 99 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл органдарында құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын лауазымдарға орналасу үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларына 3-1-қосымша
Нысан
ӨМІРБАЯН
(өз қолымен толтырылады)
Өмірбаян қатысушының өз қолымен, еркін түрде, түзетусіз, шимақсыз, мынадай мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен толтырылады:
- аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, қандай шетел тілдерін біледі;
- қашан, қайда, қандай оқу мекемелерін бітірген, білім бойынша мамандығы;
- қандай қызметте, қашан, қайда жұмыс атқарған, мекеменің немесе ұйымның толық атауы, мекен жайы, бір мекемеден екінші мекемеге ауысу себебі, тәртіптік, әкімшілік, материалдық немесе қоғамдық шаралар қолданылған ба, қолданылса, қашан, кіммен, не үшін (қандай шара);
- әскери міндетке қатысы: қашан және кіммен нақты әскери қызметке шақырылған (егер шақырылмаса, не себептен), қандай әскери бөлімде (нөмірі), қандай қызметте қызмет атқарған, қашан және қандай лауазымнан Қарулы Күштер қатарынан босатылған, әскери атағы;
- жанұя жағдайы: қашан некеге тұрған, жұбайының (зайыбының) аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны, лауазымы, егер қатысушының, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының тегі өзгертілген болса, олардың алғашқы аты-жөнін көрсету, туыстарының бірі құқық қорғау органдарында қызмет атқарады ма (туысқандық дәрежесі, аты, әкесінің аты, тегі, қайда қызмет атқарады, лауазымы, арнайы атағы);
- қатысушы, оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарының бірі шетел азаматтығында болған немесе бар ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде шетелде болған ба (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе шетелге тұрақты тұру үшін шығу туралы қолдау хат ұсынған ба (қашан, қандай себептермен), шетел азаматы болып табылатын туыстар мен таныстар, шетелде тұратын, бірақ қазақстандық азамат болып табылатын туыстар мен таныстар бар ма (аты, әкесінің аты, тегі, туысқандық дәрежесі, шұғылданатын кәсібі, мекен жайы), олармен қандай қарым-қатынаста. Қатысушы, оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, қандай жазаға).
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (оның бар болған жағдайында)
20___ж. «___» _________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2015 жылғы «2» ақпандағы №99 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарында құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын лауазымдарға орналасу үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларына 4-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлық қызметіне орналасу конкурсына қатысушыларды тестілеу бағдарламасы
№ Тестілеудің бағдарламасы Шекті мәндер
Нормативтік құқықтық актілердің атауы Сұрақтардың саны Тестілеудің жалпы уақыты
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 10 100 минут В-РК-1, В-РК-2, ВРК-3,С-РКО-1,
С-РКО-2 санаттары үшін жалпы сұрақ санынан
70% төмен емес
В-РК-4, В-РК-5, С-РКО-3,
С-РКО-4, С-РКО-5
санаттары үшін жалпы сұрақ санынан 60% төмен емес
В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РК-9,
С-РКО-3, С-РКО-6, С-РКО-7 С-РКО-8, С-РКО-9 санаттары үшін жалпы сұрақ санынан 50% төмен емес
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 10
3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процестік кодексі 10
4 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 10
5 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы 10
6 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 10
7 «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 10
8 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі 10
11 Мемлекеттік тілді білуге арналған тест 20 20 минут
белгіленбейді
12 Жеке басының құзыреті бойынша тест - 60 минуттан көп емес
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 99 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарында құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын лауазымдарға орналасу үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларына 6-қосымша
Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер
Ерлер үшін
Жаттығудың атауы Баға Жас тобы
21-27 28-34 35-39 40-44 45-49 50 және одан үлкен
Жүгіру 100 м (с) өте жақсы 13 14 15 16 17 18
жақсы 14 15 16 17 18 19
қанағаттандырарлық 15 16 17 18 19 21
Жүгіру 60 м (с) өте жақсы 7,8 8,4 9 9,6 10,2 10,8
жақсы 8,4 9 9,6 10,2 10,8 11,4
қанағаттандырарлық 9 9,6 10,2 10,8 11,4 12,6
Қолды жатып тіреу арқылы бүгу және жазу өте жақсы 35 33 30 27 25 20
жақсы 33 30 27 25 22 18
қанағаттандырарлық 30 27 25 22 20 15
Тартылу (тартылу саны) өте жақсы 15 13 11 9 7 5
жақсы 13 11 9 7 5 4
қанағаттандырарлық 11 9 7 5 4 3
Әйелдер үшін
Жаттығудың атауы Баға Жас тобы
21-26 27-30 31-35 36-45 45 және одан үлкен
Жүгіру 100 м (с) өте жақсы 20 23,5 26,5 30 36,5
жақсы 21,5 25 28,3 31,5 40
қанағаттандырарлық 23,5 26,5 30 33,5 43,5
Жүгіру 60 м (с) өте жақсы 12 14 16 18 22
жақсы 13 15 17 19 24
қанағаттандырарлық 14 16 18 20 26
Арқамен жатқан қалпында кеудені көтеру (көтеру саны) өте жақсы 30 28 25 22 20
жақсы 28 25 22 20 18
қанағаттандырарлық 25 22 20 18 16
* Конкурсты қысқы мерзімде өткізгенде 100 метрге жүгіру бойынша нормативті қабылдауға арналған лайықты жабық спорттық немесе басқа объектілер жоқ болған жағдайда 60 метрге жүгіру бойынша норматив қабылдауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 99 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарына 3-қосымша
Нысан
ӨМІРБАЯН
(өз қолымен толтырылады)
Өмірбаян қатысушының өз қолымен, еркін түрде, түзетусіз, шимақсыз, мынадай мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен толтырылады:
- аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, қандай шетел тілдерін біледі;
- қашан, қайда, қандай оқу мекемелерін бітірген, білім бойынша мамандығы;
- қандай қызметте, қашан, қайда жұмыс атқарған, мекеменің немесе ұйымның толық атауы, мекен жайы, бір мекемеден екінші мекемеге ауысу себебі, тәртіптік, әкімшілік, материалдық немесе қоғамдық шаралар қолданылған ба, қолданылса, қашан, кіммен, не үшін (қандай шара);
- әскери міндетке қатысы: қашан және кіммен нақты әскери қызметке шақырылған (егер шақырылмаса, не себептен), қандай әскери бөлімде (нөмірі), қандай қызметте қызмет атқарған, қашан және қандай лауазымнан Қарулы Күштер қатарынан босатылған, әскери атағы;
- жанұя жағдайы: қашан некеге тұрған, жұбайының (зайыбының) аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны, лауазымы, егер қатысушының, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының тегі өзгертілген болса, олардың алғашқы аты-жөнін көрсету, туыстарының бірі құқық қорғау органдарында қызмет атқарады ма (туысқандық дәрежесі, аты, әкесінің аты, тегі, қайда қызмет атқарады, лауазымы, арнайы атағы);
- қатысушы, оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарының бірі шетел азаматтығында болған немесе бар ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде шетелде болған ба (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе шетелге тұрақты тұру үшін шығу туралы қолдау хат ұсынған ба (қашан, қандай себептермен), шетел азаматы болып табылатын туыстар мен таныстар, шетелде тұратын, бірақ қазақстандық азамат болып табылатын туыстар мен таныстар бар ма (аты, әкесінің аты, тегі, туысқандық дәрежесі, шұғылданатын кәсібі, мекен жайы), олармен қандай қарым-қатынаста. Қатысушы, оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, қандай жазаға).
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (оның бар болған жағдайында)
20___ж. «___» _________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11020 болып енгізілді.