18 Қаңтар, 2011

Заң өндіріске алынды

495 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Конституциялық Кеңес Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Парламент қабылдаған заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін өндіріске алды. Конституциялық Кеңес мүше­ле­рінің отырысын Төрағаның мін­детін атқарушы Николай Белоруков ашып, жүргізіп отырды. Конс­титуциялық Кеңеске үндеу­лер мен қарарлардың түсу, қара­лу тәртібі, қажетті құжаттардың тізілімі, талап етілетін формасы мен мазмұны және өндіріске қа­былдау қажет­ті­лігі туралы баян­да­маны Консти­туциялық Кеңес­тің мүшесі Виктор Малиновский жасады. Сөзін қо­рыта келгенде ол Президент Нұр­сұл­тан Назар­баевтың өтініші Конс­титуциялық Кеңестің қарауына толық сәйкес екенін атап өтті. Осыдан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 14 қаңтарда түскен өтінішін қа­растыру үшін Кеңес үзіліс жариялап, жабық отырысқа кетті. Конституцияға енгізілген өз­ге­рістер мен толықтыруларды қа­растырған осы заң Парламент па­латаларының бірлескен отыры­сында бірауыздан қабылданып, Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың қол қоюына ұсынылған бо­л­а­тын. Ол Тұңғыш Президент Н.На­зарбаевтың президенттік өкі­лет­тігін референдум арқылы ұзар­ту мүмкіншілігін көздейді. Ел­басы бұл заңға бірден қол қой­май, оның Конституцияға сәй­кес­тігін қарас­тыру үшін Конс­ти­туциялық Ке­ңес­тің қарауына жіберген екен. Жабық отырыстан соң Конс­титуциялық Кеңестің барлық мү­шелері қол қойған қаулыны жи­налған сарапшылар мен маман­дар­дың және БАҚ өкілдерінің ал­дын­да Төрағаның міндетін ат­қарушы Николай Белоруков жа­рия­лады. Ол Президент Н.На­зарбаевтың Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жө­ніндегі заңның Консти­ту­цияға сәйкестігін қарастыру жө­ніндегі өтінішінің бірауыздан консти­ту­циялық өндіріске қабыл­дан­ғанын айтты. Біз Ата Заңның 72-бабы 2-тармағы 1-тармақша­сы­ның және Конституциялық Кеңес жөніндегі Конституциялық заңның 22 және 25-баптарын басшылыққа ала отырып, осындай қаулы қа­былдадық, деді ол. Конституциялық Кеңес мұн­дай өндірісті заң бойынша бір ай мерзімінде қарап, шешім шығарады. Бірақ заңның өзек­тілігі мен қо­ғамдық-саяси тұр­ғыдан маңызды­лығын ескеріп, оны бұл мерзімнен ертерек қа­растырып, шешім қа­былдауы мүмкін, деді Төрағаның міндетін атқарушы. Қазірдің өзінде мемлекеттік органдардың өкілдері арасынан конституциялық өндірісті жүр­гі­зуге қатысушылар тобын ай­қын­дау, сондай-ақ қажетті құжаттар мен өзге де материалдарды жи­нақтау мен зерделеу жөніндегі дайындық жұмыстары басталып кеткені белгілі болды. Бұл іске әртүрлі пікірдегі мамандардың кеңінен қатысуы қамтамасыз етіліп, олардың ұсы­ныстарының то­лыққанды тал­дану­ын қамтамасыз ету мақсатында отандық және шетелдік білікті са­рапшылар қатысатын болады. Жақсыбай САМРАТ.