18 Қаңтар, 2011

Дерек пен дәйек

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
18 806 ӨТКЕН ЖЫЛЫ АТЫРАУДА ОСЫНША ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ Был­тыр Атырау экономи­ка­сының әр саласында жаңа жұмыс орын­дарын ашудың мүм­кіндігі табыл­ған. Яғни, ба­рыс жылы баста­лысымен 18 806 жұмыс орны ашылды. Мұ­ның ішінде 10 174-і тұрақты жұмыс орны болып табылады. Жұмыс орнының көптеп ашылуы құрылыс индустрия­сын­да ерекше байқалды. Бір жыл ішінде осы салаға 4 691 адам жұмысқа орналасты. Ал орта және шағын кәсіпкерлік саласы бойынша жаңадан 1149 жұмыс орнын құру жоба­лары іске асырылды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы. * * * 400 ОСЫНША БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ АЙНАЛЫСАДЫ Жыл өткен сайын қызыл­жар­лық банкирлер арасында са­ламатты өмір салтын ұс­та­ну­шылар қатары артып келеді. Оған «Банкиада-2010» бағдар­ламасы шеңберінде түрлі спорт­­тық шаралардың ұйым­дас­тырылуы едәуір септігін тигізді. Жуырда банктер арасында спорттың бұқаралылығын арт­тыруға қатысты қорытынды шығарылып, ұжым мүшелері­нің үштен бірі дене шынық­тырумен үзбей айналысатыны анықталды. «Центркредитбанк және «Альянсбанк» ұжымда­ры «Спортқа қабылеті ең басым банктер» аталымына ие болды. Жекелеген аталымдар бойынша жеңімпаздар өз жүлделерін жетім балалар үйлеріне тарту етті. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы. * * * 68 ӨТКЕН ЖЫЛЫ АҚЖАЙЫҚТА ОСЫНШАМА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ Мұның бәрі де «Жол кар­та­сы» жобасына сәйкес төрт ба­ғыт бойынша шешімін тапты. Бөлінген қаражаттың игерілуі 99,5 пайыз құрады. Жаңа жұ­мыс орындарын ашу жөнін­де­гі жоспарлар көздеген межеден асып түсті. Оның жалпы саны – 5143. Кадрлар даярлауға, қайта даярлауға бөлінген тиісті қаражат көлеміне сәйкес адамдар оқуға жіберілді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білімін көтерді. Мұндай шаралар өңірде биыл тағы да жалғасатын болады. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.