Астанадағы ата-аналар қауымына таныстырылды
Жаңалық елордада өткен отандық өндірушілердің көрмесі кезінде көрсетілді. Оған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келіп, оқушылардың киіміне жоғары бағасын берді. Енді отандық тігін фабрикалары формаларды тігумен айналысады. Қолдағы деректерге қарағанда, бүгінде жеңіл өнеркәсіпте қызмет етіп жатқан қосымша 55 тігін фабрикасы тапсырысты орындауға дайын. Мектеп формасының жылдық нарығы – 30 млрд. теңге. Демек, осыншама сомаға оқушылардың киімін тігуге болады.
Мектеп киімін тігу мәселесі орта білім беру ұйымдары үшін оқушылардың міндетті формасы туралы бұйрық шыққаннан бастап қолға алынды. Қазіргі кезде оны тігуге, дизайнын жасауға жан-жақтан ұсыныстар келуде. Мәселен, алматылық Мәди Бекдаир деген стилист мектеп формасын қазақша нақышта тігуді ұсыныпты. Оның айтуынша, күнделікті тұрмыста ұлттық нақыштағы киімдерді киюді оқушылардан бастау керек.
– Менің ойымша, қазақтың ұлттық киімдерін киюді күнделікті тұрмысқа енгізу қажет. Бұл өте әдемі көрініс болады. Мысалы, Үндістанға немесе Африкаға барсақ, сол елдің ұлттық киімін киіп жүрген адамдарды жиі кездестіреміз. Алысқа бармай-ақ, көрші Түрікменстанда да жұрт ұлттық киіммен жүреді. Біздің елде ұлттық киімді киюді банк қызметкерлері мен стюардессалардан бастасақ, жалғасын табады деген ойдамын. Мектеп оқушыларының киімдері де ұлттық нақышта жасалса керемет болар еді, – деді ол.
Әзірге бұл ұсынысқа жауап келген жоқ. Ал Қазақстан Жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова алдымен оқушылардың киімін өзіміздің отандық фабрикалар тігуі керектігін, содан кейін мектеп формасын сатып алуға мемлекеттік тапсырысты енгізу қажеттігін айтты. Ол балалар киімінің көбіне шетелден әкелінетінін, қазіргі кезде Қытай, Қырғызстан мен Түркияның киімдері отандық нарықты жаулап алғанын атап өтті.
Рүстем ЖҰМАН.

11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55