Өңірдегі өзендердің тасу мерзімі жылдағы межесінен бір апта ерте басталды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынына қатысты ахуалды біліп, алдағы атқарылар шараларды белгілеу үшін Қарғалы, Ақтөбе және Сазды су қоймалары аумақтарын аралап, жағдаймен танысты.
Қазіргі уақытта аталған су қоймаларының барлығы дерлік қардың еріген суын қабылдайтын мүмкіндіктері бар. Облыстың солтүстік өңірлеріндегі Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Әйтеке би аудандарында және Ақтөбе қаласы аумағында ғана қар қалып отыр. Қардың қалыңдығы 5-87 сантиметр шамасында деп есептелуде.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшысы Бауыржан Сыздықов, «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының директоры Бекзат Нәметов өздері жетекшілік ететін салалар бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап берді.
Облыс бойынша ақпан айынан бастап су тасқынына қарсы жұмыстар тиянақты жүргізіліп жатыр. Су ағатын арықтарды тазалау, өзендердің арнасын кеңейту қолға алынды.
Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданында болған сәтінде осы өңірдегі қауіпті аймақтардың бірі Қосестек ауылының көктемгі су тасқынына әзірлігімен танысты. Аудан әкімі Рахат Сыдықов жергілікті жерде атқарылған шаралар туралы баяндады. Ағымдағы жылы көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы су шаруашылығы нысандарында көтергіш механизмдеріне, су торабындағы электр жүйелеріне тексерістер жүргізіп, жанар-жағармай және апаттық материалдар қорын дайындады. Резервке апаттық дизель электр станса әзірленді. Барлық республикалық меншіктегі нысандар техникалық тексеруден өткізілді. Нысандарда тұрақты байланыс жүйелері жұмыс істейді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Балтабай ауылындағы баянды істер
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Егіс науқаны – ерекше бақылауда
Саясат • Бүгін, 08:33
Ойын автоматтары опық жегізбей ме?
Мәселе • Бүгін, 08:30
Ғылыми-технологиялық кешенді нығайту мүмкіндігі
Саясат • Бүгін, 08:27
Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты
Туризм • Бүгін, 08:25
Саясат • Бүгін, 08:22
«Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті»
Сұхбат • Бүгін, 08:20