Әлемнің көптеген елінде өткізіліп жүрген Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің бүгінгі таңда маңызы артып келеді. Себебі, осы арқылы жаһандық қаһарлы сипат алған террорлық әрекеттерге бастайтын ядролық қаруды қолдану қаупін төмендетуге мүмкіндік бар. Ал біздің мемлекетіміз мұндай алапаттың зардабын алдын ала сезіп, осыдан 25 жыл бұрын-ақ ядролық қарудан бас тартудың ғаламат үлгісін көрсеткенді. Яғни, Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қаруды сынау жұмыстарына түбегейлі нүкте қойған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі туралы өз елімізде ғана емес, әлем елдерінде айтылып жатты.
Біздің «Невада-Семей» антиядролық қозғалысымыздан алған тәжірибелерімізді өзгелер бақылады. Халықаралық қауымдастықпен біріге отырып, осы сияқты бес ядролық державаның полигондарын жабуға қол жеткіздік. Бейбіт өмірді қолдайтын, соғыссыз және тыныш әлемде өмір сүруге бастайтын әрекеттердің болып жатқандығы көңіл қуантқанымен, әлемде әлі де болса бұл қауіптер сақталып отыр. Сондықтан да ядролық және басқа да қатерлі қарулардан азат болған әлемді құру үшін мұндай кездесулердің орны бөлек, маңызы айрықша. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік мәселесіндегі берік және кезекті позициясы әлем көшбасшыларының назарына ілікті. Қазақстан Ирандағы проблеманың шешілуіне ықпал еткен ядролық державалардың диалог алаңына айналды.
Және де әлем бойынша уран қоры жағынан алда келетін сондай-ақ, оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы мемлекетіміз МАГАТЭ-мен бірлесіп Төмен байытылған уран банкін құруда өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда. Осы арқылы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланғысы келетіндер Банк ресурсын қолдануына болады.
Жалпыадамзаттық мәселелер талқы болатын осындай келелі кездесулерге қатысып, ұдайы өзіндік пайым-парасатын білдіріп жүретін Елбасымыз әлемді ядролық қатерден арылтуға шақырады. Сондықтан да, Президентіміздің әлемдік ауқымда саяси тұлға болып табылатынын барша мойындайды. Және оның адамзаттың қауіпсіздігін сақтау жолындағы ерен еңбегі жоғары құрметке лайық.
Ахмет МУРАДОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты.

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12