08 Сәуір, 2016

«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ.

1837 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
МАГАТЭ777Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізілгелі бері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан жа­һан­­дық қауіпсіздікті қам­та­масыз ету жолында атқа­рылған жұмыстар барлық қа­зақ­стандықтардың ерекше мақтаныш сезімін туғызатыны ақиқат. АҚШ-тың астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды саммит кезінде Қазақстан Президенті халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға, кез келген соғыс түрін болдырмай, оның алдын алуға шақырған өзінің кең көлемді манифесін жария етті. Бұл «бағдарламалық құжат» деген атауға ие болып үл­герген манифест сол кезде саммитке келген мемлекет, үкі­мет және халықаралық ұйымдар басшылары тарапынан кең қолдауға ие болса, бүгінде осы үдеріс заңды жалғасын тауып жатыр.

Елбасы манифесі: БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ҮНДЕУ

Бұдан өткен өзекті міндет жоқ Кез келген соғыста жеңімпаз болмайды және болуға да тиіс емес, онда бәрі де жеңіледі. Бұл сөзді біз­дің Президентіміз Вашингтондағы Ядро­лық қауіпсіздік жөніндегі саммит­те айтты. Сонымен бірге, әлем­дегі соң­ғы оқиғалар, жаппай қару­лану және халықаралық істердегі дау-жан­жал­­дардың өсуі жаһандық соғыс­тың шын­дыққа айналуы мүмкін екенін көр­сетеді. Кемел ақыл-ой үні үстемдік алуы тиіс. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақ­станның бастамасымен ядролық қарудан ада әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияны қабылдады. Бүкіл әлем Президенттің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі үндеуіне құлақ қойып, елдердің бүкіл күш-жігері экономиканы, ғылымды, денсаулық сақтауды, т.с. дамытуға бағытталады деп үміттенемін. Мен энергетика саласының маманы ретінде Қазақстанның аса маңызды электр желілерінің нысандарын дамыту жөніндегі жобалармен жұмыс істеймін. Олардың салынуы біздің еліміздің кәсіпорындарын электр энергиясымен аз шығынмен қам­тамасыз етуге жағдай жасайды. Қазақстан энергетиктерінің еңбегі әр кезде де жасам­паздыққа бағытталған және олардың мани­фестің мақсаттары мен міндеттерін толық қолдайтынына сенім­дімін. Әлем басқаша болуы тиіс. Біздің Прези­денті­міздің нақты ұсыныстары да дәл соған арналған. Александр ТРОФИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі.

Болашақ ұрпақ қамы үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашинг­тондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жария етілген «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бейбітқатар өмір сүруде және тіршілікті сақтауда Жер халық­тарына символдық планетарлық жолдау болып табылады. Семей ядролық полигонын жапқан және ойсыз ядролық қаруланудың бүкіл зардаптарын өз басына өткерген Қазақстан оның ауыр зардаптарын өзгелерден әлдеқайда артық біледі. Қазақстан Республикасының Ғылыми және технологиялық ұйымдарының ассоциациясы өз құрамына отызға жуық ғылыми, білім беру, инжинирингтік кәсіпорындарды, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті біріктіреді. Ассоциацияның барлық құрылымдарында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы асқан мүдделілікпен талқылануда және ол мақтаныш сезімін туындатады. Таяу Шығыста бейбіт адамдар қаза тауып, Таулы Қарабақта снарядтар мен зымырандар жарылып, Солтүстік Кореяда қатерлі зымырандар ұшырылып жатқан бүгінгідей күнде өмірді, өркениетті сақтау проблемасы барынша маңызды бола түсуде. Біздің халқымыз және ежелгі уақы­т­тардан бері барлық этностардың, діндердің бесігі ретінде болып келген жеріміз бұл күндері ізгілік пен бейбітшіліктің сақ­тау­шысы болып табылады. АТОМ жобасы, Қазақстанда МАГАТЭ қол­дауымен Төмен байытылған уран банкін құру және Мемлекет басшысы ұсынған манифест Жер­дің бола­шақ тұрғындары үшін жауапкершілікті іс жүзінде бейнелейді. Бауыржан ИМАНАЛИЕВ, Қазақстан Республикасы Ғылыми және технологиялық ұйымдары ассоциациясының атқарушы директоры.

Берік ынтымақтастық жаршысы

«Отан қорғау мақсатында ой­лап тапқан авто­ма­тымның теріс пи­ғылды топтардың қолындағы қан­төгіс құралына айналғанын көр­генде қатты қын­жыламын» деген еді бір сұхбатында әйгілі конструктор М.Калашников өзегін өртеген өкінішін жасыра алмай. Ал енді атом бомбасы секілді ала­пат қаруды жасаушылардың жан дүниесінде қандай «жары­лыстар» болып жатқанын іштей бағамдай беріңіз. Адамзат бүгін­де өзінің арнасынан асып-тасыған ақылының азабын тартуға ай­налды. Қарышты қадаммен да­мыған ғылым мен техника алты құрлыққа бөлінген алып планета­ға қауіп төндіріп тұр. Ертеңгі күнінің не боларын елестете ал­май қиналған қарапайым адамдардан маза қашқалы қашан. Өйткені, ет пен сүйектен жаралған екі аяқты пендеге ең ал­дымен амандық керек. Татулық пен тұрақ­ты­лықты ту еткен қазақ­стандықтар бейбіт өмір­дің қадірін жақсы біледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуыр­да Вашингтонда жа­һан жұртына жария қылған манифесі со­ғыс­сыз әлем құруға ұмтылған ұлы мақ­саттан туындаған ор­да­лы ойдың жемісі екені анық. Дү­бірге толы дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі түтіндеп жатқан терроризм ошақтарының көбейіп, қанды қақтығыстардың белең алғаны еске түскенде бойыңды еріксіз үрей билейді. Әлемдегі әскери блоктардың бір-бірімен текетіресі тереңдей берсе, оның аяғы қайда апарып соғатынын ешкім болжай алмайтын жағдайға жеттік. Осындай алмағайып уақытта Қазақстан көшбасшысының ғаламдық деңгейіндегі көкейкесті мәселе көтеруі тарих бетінде таңбалануға тиіс аса маңызды оқиға. «ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демилитаризациялау жағына қарай шешімді қадам жасау қажет. Бізде мұндай басқа мүмкіндік болмайды. Бұлай жасамаған жағдайда планета радиоактивті материалдардың орасан зор тіршіліксіз үйіндісіне айналады. Біздің планетамыз бірегей, бізде басқа ондай планета жоқ және болмайды» делінген құнды құжатта. Ендеше, ядролық қару иемденген империялар жан­таласа қарулануды тоқтатып, бейбітшілік жолына бет бұрса мынау аласапыран заманда аса қажет ақыл-ойдың салтанат құрғаны болар еді. Айдар ӘБУОВ, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, философия ғылымдарының докторы.

Мемлекет басшыларына жауапкершілік жүктейді

Ең алдымен, Елба­сының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі әлем­­нің және бар­лық елдердің тұр­ғын­дарының жанын тебі­­­рентерліктей тұр­ғыда жазыл­ған. Мені де өте толқытты. Бұл әсіре сөз емес. Атал­ған манифест ба­тыл, ашық әңгімеге не­гізделген. Бір жа­ғы­нан мені мазасыздандырды, екін­ші жағы­нан, үнсіз қалуға ерік бер­мей, әрекетке көшуге мәж­бүр­леді. Әлемде болып жатқан оқи­ға­­лардың барлығы менің отба­сы­ма да қатысты екенін түсін­дім. Бұ­рынғыдай емес, әлем мүлде өз­гер­ді. Бұрын мұхиттың арғы бе­тін­де болып жатқан дүниенің біз­ге қатысы жоқ деген пікірің жүр­мей­ді қазір. Қазіргі кезде әлем мен тех­нологияның дамығаны соншалық, апат кез келген үйге кез келген күні келе салатын деңгейге жетті. Маған Президенттің мем­лекет, үкімет басшылары­ның жеке жауап­кершілігі, аза­­мат­­тар­дың, әрбір аза­­мат­тың планета­дағы бейбітшілік үшін жауап­кер­ші­лігі туралы үн­деуі айрықша ұна­ды. Ақтарыла ай­тылған әңгімеде ақи­қатты қоз­ғады. Ғаламдық ау­қым­дағы үндеу бол­ды бұл. Мүмкін, кей­біреу халықаралық терроризм, тарихи ес­кер­т­кіштерді қирату, ірі державалардың қо­сарланған стандарттарына қатыс­ты тақы­рыптар төңірегінде ой­ланбауы мүмкін... Болып жатқан оқиға­лардың барлығы алыстағы плане­тада емес. Көрші елдердегі, бас­қа құрлықтардағы болып жат­қан қақтығыстарды жай ғана теледидардан көріп, бақылап отыра беретін уақыт өтті. Елбасы манифесте заманауи ғылым мен технологияның дамығаны сон­шалық, әлем бір сәтте жарылып, барлығынан айырылып қалуымыз мүмкін екендігін айқын жеткізеді. Мұның себебі, саяси шешімнің қабылдануына байланысты емес, кездейсоқ, техникалық қателік те болуы мүмкін. Манифест өте үлкен әлемдік деңгейдегі әңгіменің арқауына айналуы тиіс, бұл тақырып парламентте, бұқаралық ақпарат құралдарында, шерулерде тал­қыланғаны абзал. Ең бастысы, Елбасының осылай айтуға моральдық құқығы бар. Бірінші­ден, біз ядролық қарудан алғаш­қы болып өз еркімізбен бас тарт­тық. Екіншіден, біз Орталық Азия өңірінде бейбітшілікке, ты­ныштыққа шақырып отыр­мыз. Үшіншіден, барлық халық­аралық қақтығыстар бойынша ұсыныстарымызды айтып, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да ұйымдардың жұмысына белсенді араласып келеміз. Біз ширек ғасыр бұрын­ғы Қазақстан емес, жан-жақты көркейген, сөзінің салмағы ба­сым елге айналдық. Біздің айтқа­ны­мызға әлем құлақ түреді, Елбасы­ның айтқандары да құлағы түрік жұрттың көңілінен шықты. Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті.

Кемел ойға шақыру

Қазақстан өзінің бейбітшілік­сүйгіш бағытқа деген адалды­ғын ұзақ жылдар бойына сөзбен емес, іспен бейнелеп келеді – осы­­дан ширек ғасырдан астам уа­қыт бұрын, 1991 жылдың тамы­­зын­да Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Семей ядро­лық полигонын жапты. Біз­дің рес­публика өз аумағында ядро­лық қаруды жойған бірінші мем­лекет болды. Мұның өзі Қазақ­стан­ның ядролық арсеналы өзі­нің ажалсепкіштік әлеуеті жағынан әлемде төртінші саналған жағдайда орын алды. Семей сынақ полигонынан кейін басқалар да – Невада, Лобнор, Жаңа Жер полигондары да үнсіз қалды. Содан бері Қазақстан жаппай ядролық қарусыздану жолын табандылықпен жақтап келеді. Біздің Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы сессиясының мінберінен бүкіл әлем қауымдастығын өз күш-жігерін халықаралық терроризммен күреске біріктіруге шақырды. Еуропадағы террорлық актілер және Сирия­дағы ежелгі ескерткіштерді жою, мил­лиондаған босқындар, үйсіз­дер мен аш-жалаңаштар Қазақ­стан басшысының көрегендігін көрс­етіп берді. Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа жаһандық бастамасы адамзат алдына аса маңызды адамзат өрке­ниетін сақтау міндетін қоя­ды. Әлем терроризмнің, ядролық қауіпсіздіктің алдын алмаса, қазіргі заманғы өркениеттің жойы­лып кететініне көз жет­кізді. Біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтондағы Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі саммиттегі сөзінде айтылған, Америка Құрама Штаттарының «The Hill» күн сайынғы саяси газетінде жарияланған жаңа бастамасы Жер шары тұрғындарының алдына жаһандық міндеттер қойып, Президенттің және бүтіндей алғанда еліміздің беделін тағы да асқақтата түсті.  Надир НАДИРОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті.

Тыныштық деген берік ұстаным

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі еш күмәнсіз бейбітшілікке деген көзқарас және біздің планетамыздың тұрғындарының басым бөлігінің өмір мәнін сезінуі болып табылады. Қазақстан Республикасы мен оның басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев бейбітшілікке және мемлекеттердің өзара тиімді ынты­­мақтастығына деген адал­ды­ғын бұлжымастан бейнелеп келеді. Қазақстандықтардың кең ауқымды қолдауын пайдалана отырып біздің Президентіміз жаппай қырып-жоятын қаруға тыйым салу және оны жою, жаһандық және өңірлік мемлекетаралық проблемаларды шешу үшін халықаралық үнқатысу алаңын құру жолында өркениетті күрес жүргізіп келеді. Ол үшін Қазақстан Республикасының ядролық қаруға ие болудан өз еркімен бас тартуын, ядролық және бактериологиялық қаруларды сынау жөніндегі полигондарды жабуды, түрлі халықаралық дау-жанжалдарды реттеу үшін қазақстандық алаңды ұсынуды еске алсақ та жетіп жатыр. Қазақстан Президентінің әлем қауымдастығына жаңа бастамамен үн қатуы – бүгінде әлемнің кешегіге қарағанда тұрақтылау және қауіпсіздеу болмауының айғағы. Бағдарламада келтірілген бастамаларды жүзеге асыру үшін ізгі ниетті бүкіл адамдардың топтасқандығы қажет. Осыны тү­сіне отырып, академия ғалымдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын және ол жүргізіп отырған саясатты толық қолдайды. Мұрат БЕКМАҒАМБЕТОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Көлік және көлік коммуникациялары бөлімшесінің  төрағасы, академик.

Апаттан алып өтудің ең дұрыс жолы

Өткен аптада Мем­ле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құра­ма Штаттарының аста­насы – Вашингтон қала­сында өт­кен Ядро­лық қауіп­сіз­дік жөніндегі ІV сам­митке қа­­тысты және он­да сөз сөй­­леді. Бір­­қа­тар ұсы­ны­с­тарды ор­­таға салды. Осы­дан 25 жыл бұрын ядро­лық қару­сыз­дану сая­са­тын бас­ты ба­ғы­тының бірі етіп, бар­лығын алдын ала айқын­­дап ал­ған Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Әлем­дік ядро­­лық қауіпсіздік үшін бү­­кіл ха­лық­­аралық қоғамдастықтың бірлес­кен нақ­ты жұмысы қажет. Мен тер­рор­лық ұйымдарға қатысы бар әр­­кім­ді ба­қы­­лауға алуға бола­тын бір­­­ың­­ғай әлемдік желі құру қа­жет деп санай­мын», – деді. Бұл дегеніміз, Қазақ елінің көшбас­шысы өз елінің ғана емес, ғаламның тыныштығын ойлап жер бетіндегі адамзатты тыныш өмір сүруге шақыр­ған жү­рек­жарды сөзі. Президентіміз Н.Ә.Назар­­­­­­­­­­­баев БҰҰ, Еуро­па­­лық кеңес, Еуропалық ко­мис­сия, МАГАТЭ және әлемнің 51 елінен кел­ген пре­зиденттер мен премьер-министрлердің басқосқан жиы­нында, қазіргі кезде жер жаһанның тынышын кетіріп, терроризмнің үрейі жаулап тұрғанда, ядролық қаруды экстремистердің қолына түсірмеудің жолын ұсынды. Сонымен қатар, Елбасымыз Семей полигонның жабылғанына 25 жыл және Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күніне орай  «Біз бұрынғы полигон аумағындағы халықты сауықтыру және жер мен суды залалсыздандыру жөніндегі жүйелі халық­аралық көмек аясын кеңейту мәселесін қойдық. Өйткені, Қазақстан осы қасіретпен жалғыз өзі бетпе-бет келіп отыр. Мен елдер­дің көшбасшыларын, әсіресе, Ор­талық Азия ядросыз аймағының кепілі саналатын бес державаның басшыларын, сондай-ақ, ядролық жойылудың қатерін болдырмау жөніндегі әлемдік мақсатты құптайтын мемлекеттердің мәртебелі делегацияларын полигонның жабылуынның 25 жылдығына арналған еске алу шарасына шақырамын», – деді. Міне, осыларды Қазақстан Рес­пуб­ликасының өз деңгейінде өткен Ядролық қауіпсіздік жөнін­дегі саммитті қолдаудың тағы бір нақты қадамы деп айтуға болады. Біздің Елбасымыздың биік мінбеден көпке ортақ өткір де өзекті проб­лемаларды көтергені халық­аралық жиынға қатысушыларды бейжай қал­дырмағаны анық. Себебі, Прези­дентіміз ядролық қарусыздану мәсе­лелерін оған қатысты ұйым­дас­ты­рылған жиындар мен конферен­цияларда үнемі көтеріп келеді. Ақан БИЖАНОВ, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғы­лым комитетінің төрағасы.

Ядролық қару – ұрпаққа қауіпті

Елбасы Н.Назарбаев қатысқан Вашингтондағы Ядро­лық қауіпсіздік жө­ніндегі саммит барша әлемді дүр сілкіндірді десек болады. Сол үлкен сам­мит мін­берінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ­стан – бұл әлемге қауіпті ядролық қару­­дың сынақ алаңына айналып, қисап­сыз зардабын көрген ел. Сондықтан, бұл қаруды ғаламшардағы адамзат баласы өзара пайдалануға түбегейлі қарсы. Біз бүгіннен бастап ұрпақтың қамын ойлайтын болсақ, аталмыш ядролық қарудан сақтануымыз керек», деген сүбелі ойын айтты. Парасаттылықты жанына серік еткен Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын­дағы «Қазақстан – 2030 жылы жер шарындағы кең, мөлдір суымен танымал таза ел болуы керек. Өндірістік қалдықтар мен радиациялар, біздің үйлерімізге, бау-бақшамызға өзінің зия­нымен ене алмайтын болады. Біздің балаларымыз, бала­мыздың балалары денсаулықтарына барлық жағдай жасалған ортада өмір сүреді», деген орамды ойы әлі күнге дейін менің жадымда. Қазақстан XX ғасыр­дың екі ғаламат оқиғасына – яд­ро­лық қаруды игеру және космостық кеңіс­тік­ке шығу секілді тарихи оқи­ға­ларына тікелей қаты­сы бар елдің қатарына қосы­лу­­ға мәжбүр болды. Кеңес өкіме­ті­нің экономикасының миллитар­лан­дырылуы қ-оршаған ортаға кері әсе­рін тигізді, ядролық қаруларды жасап шы­­ға­ру, сы­налуы және сақталуы Қазақ­стан тер­ри­ториясына үлкен зиянын тигізді. Жеріміздің экологиялық қауіпсіз­дігі мен мемлекеттің экономикалық тағдырына төнген қауіптің алдын алмаған жағдайда экологиялық қатер уақыт өткен сайын шиеленісіп, келешек ұрпақ үшін шешуі табылмас, өте күрделі жүздеген, тіпті, мыңжылдық апатқа айналатынына күмән жоқ. Қазақстанның көптеген аймақтарында халықтың үлкендерінің ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру мерзімі қысқаруда. Белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам қайраткерлерінің пікірі бо­йынша, Қазақстандағы экологиялық жағдай күрделі деңгейіне жетті. Осы ретте аталмыш саммиттің маңыздылығы атынан-ақ көрініп тұр. Елбасының ұсыныстары менің және мен секілді ауыл жастарының ойынан шықты деуге болады. Елбасы соңғы ұсынысында – осындай ғаламға маңызы терең басқосуды енді өз елімізде – Қазақстанда өткізейік деген ойы көңілге қонымды болды. Ойымды қорыта келгенде, қазіргі ала-құла болып тұрған мына заманда ядролық қару мен атомға қатысты бомбаларды бейәрекет қолдану – келешек ұрпақ үшін қауіпті болып отыр. ХХІ ғасыр – ғылым мен білім ғасыры демекші, жастарымыз білім мен ғылымды меңгеру үшін барлық уақытта осындай маңызы айрықша саммит пен форумдарды мұқият тыңдап, ондағы айтылған ой-пікірлерге құлақ асып отырса – кемелді келешекке қадам басары анық. Аллаберген ҚОНАРБАЕВ, «Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ директоры. Маңғыстау облысы.

Әлемдік парасатқа негізделген бағдарлама

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – қазіргі заманның жаһандық құбылысы. Ғалым ретінде айтарым, Жер шарының халқы әр минут сайын шамамен 150 адамға көбейіп отырады екен. Бұл экономикасы дамыған елдердің экономикасына қарағанда өте кенже қалған дамушы елдер халқы санының жедел өсімімен сипатталады. Артта қалған өңірлер мен дамушы елдердің кенжелеп қалуын болдырмау баршаға, оның ішінде, аса дамыған елдерге де өте қажет. Ол көп жағдайда адамзаттың тағдырын, оңтайлы өмір іздеу мен энергияға, су мен азық-түлікке қолжетімділік мақсатында халықтың жаһандық миграциясын айқындайды. Осындай жағдайларда адамзат, Қазақстан Президентінің сөзіне қарағанда, өз дамуының сапалы жаңа фазасына өтеді. Алайда, экономикалық санк­­циялар мен сауда-саттық со­ғысы әдеттегі құбылыстарға ай­нал­са, дүниені жаһандық Ин­тернет желідегі ақпараттық со­ғыс­тар мен арандатушылықтар дүр­ліктіріп тұр. Осындай жағ­дай­ларда ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев адамзатты мили­таризмге тартыл­май, пара­сатқа жүгінуге үндейді, өйт­кені, мұның өркениетті жоюдан басқа жолға апармайтыны айтпаса да түсінікті. Манифесте Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонын осы­дан 25 жыл бұрын мәңгіге жауып, өзі үшін толықтай шешкен ядролық проблемаға баса назар аударылған. Қазіргі кезде Қазақстан МАГАТЭ-нің туы астында құрылып, әлем елдерінің атом энергетикасы үшін шикізат ретінде төмен байы­тылатын уранды қауіпсіз сақтау бойынша өз қызметін ұсынып отыр. БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қару жасау үшін қолданылуы ықтимал ғылыми жаңалықтарды тіркейтін реестр құру туралы идея да назар аударуға тұрарлық. Сондықтан, ғалымдарға атом энергетикасын қауіпсіз, бейбіт мақсатта қолданудың сенімділігін арттыру, лаңкестер үшін қол­жетімсіз болуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрсетіп отырған жалпыға ортақ шынайы қауіпсіздік жолы, міне, осы.  Альберт БОЛОТОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

Қоғамдастық тілегі – соғыссыз әлем

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұхит­тың арғы жағалауында өткен Ядролық қауіпсіздік жөнін­дегі ІV саммитте сөйлеген сөзі бәрімізді тебірентті. Әрі адамзаттың болашағына деген жауапкершілік сезімімізді нығайта түсті. Десек те, басты міндет бір қолданғанның өзінде адам баласын миллиондап жусатып тастайтын, өмір бойы мүге­дектікке ұшырататын жо­й­қын ядролық қаруларды ием­деніп отырған мемлекеттерге жүктелуі тиіс. Әлемдік картада 200-ге жуық ел орна­ласса, солардың, әрі кетсе он­шақтысы ғана өзге­лерге ақыл­дың емес, білектің күшімен өк­тем­дік жүргізіп отырғаны аян. Мәлім­демеден мына сөздерді келтіре кеткен артықтық етпес. «Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге таралуда. Олар­дың терроршылар­­­дың қо­­лы­­на түсуі – уа­қыт өте келе әбден болуы мүмкін нәр­се». Иә, бәрімізді де ха­лықаралық лаң­кес­тіктің терең та­мыр жайып, жеке адам­дардан асып, мемлекеттік сипатқа ие болғаны қатты тол­­ған­­дырады. Оған Еуропа, Азия, Аф­ри­кадағы кең ауқымды террор­лық актілер дәлел. Оларға қарсы күре­суге жекелеген ел­дер қау­қарсыз. Елбасының сақ­тандыруы да, миллиондаған адамдарды бей­біт­шілік мәселесінің қатты ойлантатыны да сондықтан. Осы адамдарға не жетпейді деп кейде ойлайсың. Бұрындары капитализм мен социализм ла­герь­леріне бөлініп, «қырғи-қабақ соғыс» салдарынан НАТО, «Вар­шава шарты» секілді әскери одақ­тар құрылды. Адамзаттың ақыл-ойы жойқын қарулар жа­сауға жұмылдырылды. Енді жағалай шеп құрған социалистік жүйе жоқ, ыдырады. Көбі жамандаудан құлағымыз әбден сарсап болған ка­пи­талистік даму жолына түсті. Сонда да жаппай қарулану үдей түспесе, азаятын түрі байқалмайды. Демек, бар мәселе саяси көзқарас­тар­дың әрқи­лылығына келіп тірелмейді. Тә­жірибеден кө­ріп отыр­ғаны­мыз­дай, мұн­дай қа­сіретті сал­дар­лар же­ке­леген мемлекет басшы­лары мен ық­пал­ды адамдар­дың жекебастық амбициясы­нан туын­дап отырғаны, ол ауыр зардаптарға ұрындыратын іс-қимылдарға тоқтаусыз жалғасып келе жатқаны өз шешімін тап­паса мүлдем тығырыққа тіре­леріміз аян. Қауіпсіздіктің өңір­лік жүйесін құруға нем­кет­тіліктің арғы жағында бей­біт­шілікті сақтау жөніндегі үйле­сімді әрекеттердің ортақ мақсатқа бағытталмауы жатса керек. Осы тұрғыдан алған­да, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте көтерілген ауқымды мәселелердің аяқсыз қалмайтынына сенгің келеді. Ядролық нысандар мен мате­риалдар қауіпсіздігінің деңгейі ең жоғары мемлекеттердің ал­ғашқ­ы жиырмалығына кіретін Қазақстан басшысының соғыстың түп-тамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптасыру идеясын көтеруі өте құптарлық. Оның нақты мы­салы ретінде әлемде ядролық қарудан азат алты аймақтың бар екені аталды. Ендігі міндет Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру туралы халықаралық күш-жігерді белсендірек ету болып табылады. Халықаралық қарусыздандыру үдерістерін жаңа тарихи жағдай­ларға бейімдеудің маңызы зор. Өйткені, киберқылмыстар үдеп кетсе, апаттың алдын алу оңайға түспесі анық. Соғыссыз әлем – бүгінде бүкіл адамзат тілегі! Сағындық САЛМҰРЗИН, саясаттанушы.   Солтүстік Қазақстан облысы.

Бейбітшілік пен жаратылыс үшін жетістіктер

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «XXI ғасыр: соғыссыз әлем» бағдарламасын ғылыми қауымдастық үлкен ыждағатпен қабылдады, өйткені онда жаңа жаһандық шындық жағдайларында тұрақты әлемдік тәртіптің тұтас жүйесін құрудың стратегиялық платформасы ұсынылған. Атал­мыш бағдарламалық құжат әлемдік қауымдастықтың соғыстар мен қақтығыстар вирусын жою жөнін­дегі келісілген және жауапты алгоритмі болып табылады. Мемлекет басшысы тек бейбіт­шілік пен қауіпсіздікке тең жауап­кершілік, өзара сыйластық және ішкі мәселелерге араласпау қағидаттары негізіндегі бейбіт үнқатысу мен сындарлы келіссөздер ғана мемлекеттер арасындағы барлық дауларды реттеуге негіз болып табылуы тиіс деп айрықша атап көрсетті. Осыған байланысты Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары ака­демиясының ғалымдары ғылы­ми жаңалықтарды жаппай қырып-жою қаруының жаңа түрлерін ж­а­сауға, қолдануға тыйым салу жө­нін­­дегі орындалуы міндетті ха­лық­­ара­лық құжаттарды әзірлеу­дің маңыз­дылығын қолдай­ды. Атап айт­қан­да, БҰҰ қолдауымен қырып-жою қаруын жасау және жетілдіру үшін қол­данылуы мүмкін ғылыми жа­ңа­лық­тар­ды тіркеу тізбесін жасау. Сонымен қатар, әскери блоктар­ға балама ретінде, кең халықаралық ынтымақтастыққа мүмкіндік бере­тін тұрақты әлем географиясы мен арнайы халықаралық құқықтар негізінде ауқымды Әлем Ареал­дарын құруды қалыптастыру жө­нін­д­егі құжат идеяларын жүзеге асы­­ру­­ды өмірлік маңызды деп есептейміз. Мысал ретінде Президент өзінің бастамасы негізінде осыдан 10 жыл бұрын Семейде аймақтың бес мемлекетімен құрылған Ор­та­­лық Азия ядролық қарусыз ай­мағын және осы негізде Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы көптарапты ынтымақтастықты әділ келтіреді. Қазақстан ғалымдары Президент ұсынған әлемдік тәртіптің даму тұжырымдамасы мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ғылыми ынтымақтастық пен аймақтық мәселелерді бірлесе шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік беретіндігіне сенім білдіреді. Сөйтіп, 2015 жылы ҚХР Төраға­сы Си Цзиньпинмен кездесуі барысында Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізілген ауқымды жұмыс­тардың нәтижесінде, Қазақстанның қазірдің өзінде еуразиялық тран­зитті кеңейтуге даяр екендігін атап көр­сетті. Қазіргі уақытта «Жібек жо­лының экономикалық белдеуі» шеңберінде ҚХР-дан ЕО-ға транзиттік дәліздерінің нұсқа­лары әзірленуде. Биылғы жылы Сочи қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің шекараластық ынтымақтастығы форумында Мемлекет басшысы 2016 жылы қыркүйекте Астана қаласында «Еуразиялық кеңістіктің көліктік және логистикалық әлеуе­тін дамыту» тақырыбында кезекті форум өткізуді ұсынды. Осы ретте, қазіргі уақытта «Үлкен Еуразия» идеясының төңірегінде әрі қарай бірігу мақсатында Қазақстан ұлт­тық жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы мен Синогидро корпорациясы ғалымдары Қазақстан, Ресей, Қытай және барлық Еуразия мемлекеттері үшін «Еуразия» каналының тиімді екендігіне жаңа дәйектер келтіруде. Қазақстан ғалымдары үшін халықаралық ынтымақтастықтың басқа бір перспективалы бағыты – жоғары энергия тапшылықтағы аймақтардағы мәселелерді шешуге арналған жаңғыртылатын энергетика. Қазақстанға, бірегей табиғи байлықтардың иесі ретінде, осы технологияларды игеру және дамыту қажет. Елімізде кремнийдің болуы бізге күн энергетикасын игеруге мүмкіндік береді. Рений, селен, галлий сияқты және т.б. сирек металдар электронды сала, ақпараттық технологиялар, биомедицина, энергия үнемдеу сияқты жоғары технологиялық салалар үшін материалдар өндіруде жә­не энергетикада қатты отын эле­мент­терін жасауда басты рөл атқарады. Біздің ғалымдар ретіндегі мақса­тымыз – осы металдарды жерден бөліп алу және оларды экономикада қолдану технологияларын жасау. Елдің жаңа жоғары технологиялық энергетикалық кластерін, оған жаңғырмалы энергия көздерін қосу арқылы қалыптастыру орта және ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның тек энергетикалық қауіпсіздігін анықтап қана қой­май, сонымен қатар, жалпы эконо­миканың қарқынды дамуын қам­тамасыз етеді. Біздің академияның Қазақ­стан­ның су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Трансқазақстандық каналды ғылыми негіздеу жөніндегі жобалары елдің су тапшы аймақтарын жоғары сапалы сумен қамтуға мүмкіндік береді. Энергия және су тапшылығы бар елдердің мәселелерін біздің тех­нологияларды трансферттеу арқылы шешу жарылыс қаупі бар шиеленіс ошақтарын жоюға және жер бетіндегі бейбітшілікке жәрдемдесетіндігі сөзсіз. Нұралы БЕКТҰРҒАНОВ, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары  академиясының бірінші вице-президенті, ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Жаһанды жақсылыққа жақындату

Мұхиттың ар жағында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесуінің қорытындысында Кар­неги қорының штаб пәтерінде біздің Президенттің ұсынысымен «Әлем. XXI ғасыр» атты манифест қабылданды.  Сонау 1795 жылы немістің әлемге мәшһүр философы Иммануил Кант «Мәңгілік әлемге» – «К вечному миру» трактатында «Егер соғыс үшін қарулану осылай жалғаса берсе, адамзат баласының алдынан бір ғана нақты таңдау шығады не соғыс атаулыдан бас тартып, бейбітшілікті қалау, не өркениетті жалмаған ортақ зиратта бастары тоғысады», деген ой айтады. Бейбіт мақсаттарды жүзеге асыру үшін ол адамзат баласын ортақ мүддеге біріктіретін дүниежүзілік федерация құруды ұсынды. Канттың бұл еңбегі наполеон соғысының алдында туған болатын. Одан кейінгі екі ғасырда адам баласының баяу болғанымен осы философ атап өткен үрдіске келе жатқанын байқаймыз. ХХ ғасырда әлемдік үкімет құру қажеттігін Альберт Эйнштейн де көтерген болатын. XXI ғасырдың басында адамзат экономикалық, саяси, құқықтық, ақпараттық тұрғыдан құрылымы күрделі болғанымен тұтас жүйеге айналып бара жатыр. Алайда, бұл жолда кері кетушілік те жоқ емес, жаңа сын-қатерлер, қайшылықтар, соғыс ошақтары туып, мемлекеттер бүлініп, адамдар бас сауғалаған босқындарға да айналуда. Осылардың барлығын жеңу әлемдік қауымдастықтан аса көп күш-жігерді талап етуде. Әлемде бұрын-соңды болмаған жалпыға бірдей қатер төндіретін қару түрлері жасалып, ол әлемнің тыныштығына қатер болуда. 2016 жылдың 31 наурызында біздің Президенттің ұсынысы – манифестің өмірге келуі әлемнің бейбіт қалыпта өрістеуіндегі маңызды құжат. Онда әлемдегі ты­ныш­­­тық­ты сақтау жолын­да не істеу ке­рек­­ті­гі жа­йында нақ­ты ұсы­ныс­тар, пла­не­та­дағы өрке­ниет­тердің бір-бірі­мен бейбіт қаты­на­с­­тар­да болуы жолын­да әлемдік азаматтық қоғам мен жа­һандағы мемлекет бас­шы­ларының неге баса назар аударуы қажеттігі көрсетілген. Манифесте алғаш рет «өзіңді демилитаризациялау» үшін қандай қадамдар жасау қажеттігі айтылған. Мемлекет – аса күрделі әлеуметтік құбылыс. Мемлекеттік басқару кімнің қолында екеніне байланысты, оның сыртқы және ішкі саясаты солай жүргізіліп, мемлекет ізгілікті үндейді, немесе жамандық шашады. Құқықтық мемлекет өзін өзі тоқтатып, теріс әсерге бой алдыр­май, ыдыратушы күштерден гөрі біріктіргіш жасампаз әлеуетті арттыруы тиіс. Бұл ретте мемле­кет­тің ісіне барлық елдердің ізгі озық ойлы күштері, мемлекет, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен мәдениет өкілдері, зиялылар көмектескендері дұрыс. Манифесте жаңадан «өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, Әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арк­тикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім» қа­былдау қажеттігі ұсынылады. Қа­зіргі уақытта бұл өте өзекті. 2016 жылы жаһандық жылынудың салдарынан мұздақтардан жердің аршылуына байланысты Арктиканы бөлу үдерісі басталды. Ресей 2016 жылдың наурызында Арктиканың 1 млн. 200 мың шаршы км жерін өзіне қосу туралы БҰҰ-ға тапсырысын өткізді. Мұндай тапсы­рыстарды аркти­калық аймақта жатқан өзге де елдер әзірлеп жатқанға ұқ­сайды. Көптеген са­рап­шылардың пікі­ріншек, жақын арадағы 15-20 жыл ішінде ға­рыш кеңістігін иге­ріп, оның ішінде Ай мен Марс және өзге планеталарды, асте­ройдтар мен шы­ған­дағы ғарышты зерт­теуге деген мемлекеттердің бел­сенділігі жоғарылай түседі. Осы себептен ғарыштық кеңістіктегі қимылдарды да құқықтық реттеу, оны бақылау қажеттігі туады. Ол жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау мен ғарыштық соғыстарды болдырмаудың қажеттігінен туады. Манисфестегі маңызды ереже – БҰҰ аясында бейбітшілік пен тұрақтылық және қауіпсіздік бойынша Жаһандық коалиция құру. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттер біріккен тұста, бір-біріне деген сындарлы әріптестік қатынастар орнағанда ғана бір-біріне қарсы әскери блоктарға бөлшектенуге жол берілмейді. Әрине, келешекте бітімгершілік операцияларын тиімді жүргізу үшін, мемлекеттер арасында әсери қақтығыстарды болдырмау үшін БҰҰ бітімгершілік күштерін жаңғырту қажеттілігі бар. 2016 жылы жаһандық бейбіт өмірге қатысты өзекті мәселелерді тереңірек байыптауда БҰҰ-ның арнайы конференциясын жоғары деңгейде өткізу ұсынысы да айтылды. Осы және бұған дейін де Қазақстан тарапы көтерген бастамалар планетадағы тыныштықты сақтауда халықаралық саясатты тиімді қалыптастыруға ықпалын тигізуде. Сергей УДАРЦЕВ, заң ғылымдарының докторы, профессор.

Көңілге қонымды манифест

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі кезекті саммит аясында жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін 2010 жылы сәуір айында Вашингтонда өткен бірінші саммиттегі сөйлеген сөзінің заңды жалғасы деп білемін. Елбасының алғашқы сөйлеген сөзінің түп тарихы төмендегідей. Аталған саммит өтер алдында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге арнайы келген сапар бары­сында Нұрсұлтан Назарбаевтан негізгі баяндамашы ретінде сөз сөйлеуін сұраған еді. Шынында да, Елбасының мемлекет пен үкімет басшыларына, бүкіл әлемдік қоғам­дастыққа қайырылуға толыққанды моральдық құқығы бар, жаппай қарулануды тоқтатуға тоқтам айта­тын жалғыз президент. Қазақстан Президенті аталған І саммитке қатысып сөз сөйледі. Оны әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, баян­даманың өте өзекті мәселені қозғаға­нын жан-жаққа таратып жатты. Содан бері алты жыл өтті. Елбасы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде бейбітшілік төңірегінде жаңа бастама көтерді. Дүниенің жақсы жағына, жақсы бағытқа өзгеретін түрі жоқ. Керісінше, өткен алты жыл ішінде Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал тым шиеленісіп кетті. Ливияда, Сирияда соғыс оты өршіп, Ирактағы қақтығыстар елдің ыдырауына әкелді. Соңғы кезде ДАИШ сынды бүлдіргі күштер пайда болды. Қысқасы, қазіргі кезде әлем апатты жағдайда тұр. Бір жағынан әлемдік-өркениеттік тұрғыдағы проблема пайда болса, екінші жағынан Ирак, Сирия мен Пәкістанның бір жарым миллионға жуық халқы бас сауғалап, Еуропаға қарай жөңкілуде. Бүгінгі қатер бұрынғыдан да қауіптірек. Әлемдік террорлық күштер ядролық қаруды қолға түсіру­ге жанталасып әлек. Мұндай ұмты­лыс Нидерландыда, Пәкістанда болды. Осы жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда, Сеулде әлемдік терроризмге қатысты, олардың ядро­лық қаруды иемденуге ұмтылысы туралы әлдеқашан айтқан сөздерін көрегендік деп айтуға болады. «Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние әзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының арқасында сақталып тұр» деп, Елбасы бейбітшілікті сақтауға шақырып, әлемге үн қатып жатқаны да сондықтан. Кешегі өткен Ядролық қауіпсіз­дік жөніндегі саммитте Нұрсұлтан Назарбаев көп кешіктірмей Қазақ­станда 2016 жылы БҰҰ-ның Жоға­ры деңгейдегі халықаралық кон­ференциясын шақыруды ұсын­ды. Жерұйыққа айналған қазақ жерін­де, әлемде тұңғыш рет «ажал фабрикасы» – полигон жабылған елде жаппай қарусыздануға байла­нысты алқалы жиынды өткізу­дің символдық мәні бар. Менің ұғы­мым бойынша Қазақ елі қазіргі өрке­ниеттегі рухани Меккеге айналды. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммиті, Әлем­дік және дәстүрлі діндер лидер­лерінің бес съезі Астана төрін­де өркениетті жағдайда өзекті мәсе­лелерді талқылап, бір-біріне деген қайшылықты көзқарастардан арылуға үндеген жиындарға ұйытқы болды. Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бұл баламасы жоқ жеке-дара бағдарлама деп ай­туға тұрарлық. Осындай баста­ма­­ның көпвекторлық саясат жүр­гі­зіп отырған Мемлекет басшысы күн тәртібіне қойғаны қуантады. Елің ішкі бірлігінде де үлкен                       жеті­с­­­­­­іктерге қол жеткізген, аза­мат­тық бірегейлікті, жалпыға бір­дей қоғамды қалыптастырған Ел­басының айтқаны қай жағынан да көңілге қонымды. Анатолий БАШМАКОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі.

Тіршілік талықсып тұрғанын ұмытпайық

Адамзат табиғаттың бір бөлшегі.Табиғатсыз тіршілік те болмайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Вашингтонда өткен Ядролық қарусыздану жөніндегі саммитте көптеген мәселелермен қатар, жойқын қарудың табиғатымызға тигізген зардаптары туралы ерекше атап көрсетті. Бұл ормандарымызға да қа­тыс­ты түйткіл. Планетамыз­