АСТАНА. 8 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы аптада бірнеше мемлекетке жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы 11 – 12 сәуірде Президент Хасан Руханидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына барады. Екі елдің басшылары Хасан Руханидің 2014 жылы қыркүйекте Астанаға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылайды деп жоспарлануда. Сонымен қатар, сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл жайы қарастырылады.
Қазақстан Президенті сондай-ақ, 13 – 14 сәуірде Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қатысу үшін Түркия Республикасына барады. Саммиттің негізгі тақырыбы – «Бірлік пен ынтымақ әділдік пен бейбітшілік үшін». Сапар барысында Мемлекет басшысының Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында Астана мен Анкара ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланатын болады. Сонымен қатар, саммит аясында делегациялар басшыларымен келіссөздер өткізу, сондай-ақ, Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесу көзделуде.
15 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына барып, Президент Ислам Кәрімовпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылайды деп жоспарланған.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: akorda.kz.
• 08 Сәуір, 2016
Елбасы алдағы аптада жұмыс сапарымен Иранға барады

Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38