АСТАНА. 8 сәуір. Қазақстанның Қарулы Күштері UH-1H-II «Хьюи» тікұшағымен толықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тікұшақ АҚШ-та жасалған. Ол елімізге АҚШ-тан ақысыз негізде жеткізілді. Бұған де Құрама Штаттардын екі тікұшақ ақысыз енгізде, тегін жеткізілген болатын.
«Хьюи» тікұшақтары әртүрлі оқу-жаттығуларда, оның ішінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальоны мен Аэроұтқыр әскерлері «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының іс-қимылдары пысықталатын «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларда кеңінен қолданылады.
«Бұл тікұшақтар ауа-райына қарамай, жыл бойы 24 сағат ұша береді. Істен шыққаны, бұзылғаны болған емес. UH-1H-II тікұшағы 12 адамға дейін десантты, жаралы адамдарды, әртүрлі жүктерді тасымалдауға, іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға, әуеден барлау жасауға арналған», дейді ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев.
Тікұшақтың салмағы – – 4 762 кг. Сағатына 240 км-ге дейін ұша алады. Бір өзінде 1 800 жылқының күшіндей қуаттылығы бар. Т-53-L-703 бір қозғалтқышпен жабдықталған, сондай-ақ навигациялық және радиоэлектрондық қондырғының кешенімен жабдықталған.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі.