19 Қаңтар, 2011

Халықтың ұлы таңдауы

588 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
(Ойтолғақ) Жақында Қазақстан халқының өкілдері бас қосып, референдум өткізіп, Н.Ә.Назарбаевтың өкілет­тігін 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін ұзартуды ұсынды. Бұл республикада кең қолдау тапты. Бір топ депутаттар Конституцияға өз­геріс енгізіп, «ҚР-ның Парламенті Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 54-бабын 2 тар­мағының 3) тармақшасын басшы­лыққа ала отырып, Қазақстанды құру мен нығайту ісіне баға жетпес үлес қосқан, Отанымызды про­гресс пен гүлдену жолымен ба­тыл алға бастап келе жатқан, тәуелсіз мемлекеттің негізін қа­лаушы әрі оны құрушы ретінде Сізге, Қазақстан Республика­сы­ның Тұңғыш Президентіне – Ел­басына республикалық референдум тағай­ындау бастамашылы­ғы­мен үндеу жолдайды және оған «Сіз респуб­ли­ка­лық референдумда Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Прези­ден­ті – Елбасы Нұр­сұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев­тың президенттік өкілеттіктерін ұзарту мүмкіндігін көздейтін «Қа­зақстан Республи­ка­сының Конс­ти­туциясына өзгеріс енгізу тура­лы» Заңды қабыл­дай­сыз ба?» деген мәселені шы­ға­ру­ды өтінеді» делінген. Конс­титу­цияға өзгеріс енгізу туралы бапты ұсынған депутаттың бірі едім. Өкі­нішке орай, Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаев бұл ұсы­ныс­ты қолдамайтынын тиісті Жар­лы­ғымен жария етті. Қалыптасқан жағдайдан шығудың заңды жол­да­рының барлығын жан-жақты қа­растыру қажет болды. Референдум өткізу рәсімінің заң аясында жүргізіліп жатқанын бұрынғы Бас прокурор, кешегі Парламент Мә­жілісінің спикері, бүгінгі оппозиционер Ж.А.Тұяқбай жоққа шы­ғармайды. Бірақ ол сайлау өткізу демократиялық жол деп біледі. Ал белгілі саясаттанушы Е.Қарин болса: «Оппозицияның біршама бө­лігі қазіргі Президенттің өкілет­ті­гін қысқартуға қатысты референдум өткізу жөнінде бастама кө­тер­ді. Басқа сөзбен айтқанда, ре­фе­рендумды идея ретінде талқы­лауға салуға оппозицияның өзі түрткі болды», – деп мәлімдеді. Идеялар ауысып жүреді. Оны қалай, қандай мақсатта пайдалану бір бөлек. Халықтың көпшіл тобы сол оппозицияның кереғар ұсы­нысын оңтайлы мақсатта пайда­ла­нуды көздеді. Тиісті рәсімдеу өткізді, Орталық сайлау комис­сия­сына тіркеді. Сонымен, 5 миллионнан астам адам бүгінгі күнге дейін референдум өткізу қажет деп санайды. Бұл сайлаушылардың қанша па­йы­зы екенін өзіңіз-ақ есептей беріңіз. Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 3-бабының 1-тар­мақ­шасында: «мемлекеттік билік­тің бірден-бір бас???? ? ??????,тауы – халық», ал 2-тармақшасында: «халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау ар­қылы жүзеге асырады, сон­дай-ақ өз билігін жүзеге асы­руды мемлекеттік органдарға береді», – деп жазылған. Яғни, Қазақстан Рес­публикасы мемле­кет­тігінің, оның егемендігінің және конституция­лық құрылы­мы­ның негізі Қазақ­стан халқы бо­лып табылады. Сон­дай-ақ, Қазақ­стан халқының және мемле­ке­ті­нің атынан сөй­леуге республика Президенті мен өздерінің консти­туциялық құқық­тары шеңберінде Парламенттің ғана құқы бар. Әрі Президент пен республика Парла­ментінің Конс­ти­туциялық өкілет­тік­тері басқа да мәселелерге теліне отырып, ха­лық­тың ерік-жігерін орындауға бағытталған фор­малардың бірі болып табылады. Бұл халық өз жігерін тікелей жә­не жанама түрде жүзеге асыра алады деген сөз. Ол респуб­ли­калық референдум арқылы, республика Президентін сайлау, Парламент Мәжі­лісін сайлау, мәсли­хат депутатта­рын сайлау арқылы тікелей жү­зе­ге асырады, ал жанама түрде мәс­лихат депутаттарына Сенат депу­тат­тарын сайлауға сенім білдіреді. Қос палаталы Парламент де­пу­таттары өздерін сайлаған ха­лық­тың ерік-жігерін жүзеге асыру үшін, өздерінің конституциялық құзіреттерінің шеңберінде Президент қойған ветоны қос палата депутаттарының бестен төрт бө­лігінің дауысымен еңсеруге мүм­кіндігі бар. 14 қаңтар – тарихи күн. Сын сағаттан өттік. Палаталардың бірлескен отырысында Мәжілістің 101, Сенаттың 40 депутаты дауыс беріп, Президент ветосын еңсерді. Енді Президент Заң жобасын Конституциялық Кеңеске жолдай­тын болар деп пайымдаймын. Егер Кеңес аталмыш Заң жобасы Ата Заңға қайшы деп таппаса, онда Елбасы не заңға қол қояды, не бүкілхалықтық референдумға жібереді. Егер заңға қол қойса, референдум бір ғана мәселе – Президенттің өкілеттігін ұзартуға ғана арналады. Елбасы Консти­туцияға толықтыру ұсынған өзге­рісті қолдамаған жағдайда бүкіл­халықтық референдумның күн тәртібіне екі сұрақ енеді: біріншісі – Конституцияға өзгеріс енгізу, екіншісі – Елбасы өкілеттігін ұзарту жөнінде. Ал референдумда тиісті дауыс жиналған жағдайда Конституцияға өзгеріс енгізіледі, әрі Президент оған қол қоюға тиіс. Заңға сәйкес референдумды тек қана Елбасы – Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Президенті жария­лайды. Халық таңдауына, депутаттар қолдауына Елбасы, Тұңғыш Президент түсіністікпен қарар деп ойлаймын. Сонымен, түйінді сөз Елбасыда. Жақында, баспасөзде батыс са­рапшыларының сараптамасы жа­рия?????. ???? ланды. Онда Қазақстанда Пре­зиденттік сайлау бола қалған жағ­дайда Н.Ә.Назарбаевтың дәл бү­гінгі жинаған дауысын алып қана қоймай, одан да көп дауыс жи­науы ғажап емес деген тұ­жырым айтылған. «...қазақстандықтар сайлау қа­­шан өтсе де, қандай таңдау жа­сайтындықтарын ашық көрсе­тіп отыр» (А.Власов, М.Ломоносов ат­­ындағы ММУ ақпараттық-са­рап­­тама орталығының директоры). «Нұрсұлтан Назарбаев өзіне күллі ел сенетінін әлдеқашан дәлелдеген басшы» ( В.Жирихин, ТМД елдері институты дирек­то­рының орынбасары). «...кез-келген жағдайда нә­ти­же белгілі: біздің бәріміз Н.Ә.На­зарбаевқа дауыс береміз! Бұл жердегі әңгіме Мемлекет бас­шы­сы қанша пайыз дауыс жинай­ты­нында ғана. Бәлкім, 85 немесе 95 пайыз» (О.Сүлейменов). «2012 жылы президенттік, парламенттік және жергілікті мәс­лихат сайлауларын кезек-кезек өткізу билікке де, онымен жұ­мыс істейтін жеке меншік құрылымдарға да үлкен салмақ тү­сіреді... бір жылдың ішінде бар­лық сайлауларды өткізу тиімсіз» (А.Чеботарев, «Альтернатива» актуальды зерттеулер орта­лы­ғының директоры). «...Бүгінгі таңда президенттік сайлауға қатысуға оппози­ция­сының төрт бірдей өкілі тікелей немесе жанама түрде ықы­лас танытты... Тіпті сайлау өз уақытында өтіп, оппозиция бірегей үміткерімен саяси додаға қа­тысса да, жеңіп шығуға мүм­кін­дігі өте аз болуы мүмкін еді» (Е.Қарин, саясаттанушы). Ең алдымен ХХІ ғасыр – Қа­зақстан ғасыры екенін ұмытпай­ық. Сондықтан да Қазақстан үшін ең өзекті де өркенді бағдарлама – 2020 бағдарламасы болғалы отыр. Қазақстан халқын сол бағдар­ламаны орындау ғана емес, сол арқылы әлеуеті күшті, өркениетті елу елдің қатарына қосылу үшін қоғам да, адам да, қоғамдық қа­тынастар да өзгермек. Бір сөзбен айтқанда, тарихи салыстыру тұр­ғы­сынан келсек, кезіндегі Руз­вельт­тің АҚШ-ты дағдарыстан шы­ғаруға арнаған «Жаңа бағыты» сияқты бұл бағдарлама өнеркә­сіпті, экономиканы, идеологияны дамытатын азаматтық қоғам құ­рудың алғышарты болатын тосын жол, тың соқпақ, басты бағыт. Бұл бағдарламаға Н.Ә. На­­зар­баев әлем өркениеті өткен жолды сараптап, керектісін іріктеп, ин­дус­триялық-инновациялық жаң­ғыр­ту тұрғысынан келді. Өзі өт­кен жолдың күнгейі мен көлең­ке­сін уақыт безбеніне салды. Дә­не­гін алды, кәшегін тастады. Өнеркәсіп, экономика, руханият, мәдениет бәсекеге түсіп қана қоймайды, адам капиталы ара­сын­да бәсеке орнығады. Бір сөз­бен айтқанда, таланттыны талант­сыз адам басқармайды, талантты адам талантты адамдарды басқа­рады. Бұл өз кезегінде ұлттардың жақындасуын ғана қамтамасыз ет­іп қоймай, Қазақстанның ұлт­тық элитасын қалыптастырады. Көштен қалмас үшін, шынайы таланттар шоғыры көбейе түспек. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның қазба байлықтарының шексіз ем-ес­тігін айтып қоймай, күш-жігер­ді жаңа индустриялық жобаларды жү­зеге асырып, жапондар өткен жол­мен жаңа технологиялық үде­ріс­терді қалыптастыруға жұмсау ке­ректігін ескере отырып, нақты істердің нақты жобаларын ұсынды. Маған Ақтаудан бір журналист әріптесім хабарласты. – Мейлі сайлау өтсін, мейлі референдум өтсін, Сіз Назарбаев жеңеді депсіз. Солай-ақ болсын. Егер Президент Назарбаев жеңіс­ке жетсе Қазақстанды не тосып тұр? – деп сұрақ қойды. Әрине, әңгімеміз телефон ар­қылы болғандықтан журналиске ықшам жауап бердім. Бірақ кө­кейімде сол сұрақ қалып қойды. Сондықтан да Қазақстанның бо­ла­шағы туралы ойтолғақ пікірімді ортаға салғанды жөн көрдім. ...Бірде шағын топпен шәй ішу болды. Үкімет басшысы, палата төрағалары мен қос палаталы Пар­­ламенттің оншақты депутаты қатысқан шайдың дастарқанын жүр­гізу ма­ған бұйырды. Әрине, екі-үш минуттай Елбасы туралы мадақ сөз айтқанымды жасыра ал­май­мын. Өзімнің Елбасымды, өзімнің Президентімді қалай мақ­тасам да, қалай мақтансам да жа­расымды екенін іштей сеземін, іш­тей сенімдімін. Бірақ Елбасы ме­ні лезде орныма қойды. – Сен, Уәлихан, қаламгерсің. Ойыңды айтып жүрсің, жазып жүрсің. Бірақ бұл дастарқанның сөзі емес. Мен сені асабалық қызметтен босатамын, – деді. Бәріміздің тосылып қалға­ны­мыз рас-ты. Бірақ Елбасы бәрін орнына қойды. Дастарқан билігін өз қолына алды. Ән де айтылды, анекдот та төгілді, сіресіп-сіресіп отырған депутаттардың көмейі де сөгілді. Ертекке бергісіз бір са­ғаттың ішінде қаншама сыр ай­тылды, қаншама кездесулер еске түсірілді. Аз ғана уақыттың ішінде сірескен кездесу сырласу кешіне қалай ауысып кеткенін де байқамай қалдық. Арасында әң­гіме астананы Алматыдан Ақмо­лаға көшу сәтіндегі психоло­гия­лық сынақ туралы өрбіді. – Біз өмірде жолымыз болған адамдармыз, – деді Н.Ә. На­зар­баев О.Әбдікәрімов, Қ.Сұлтанов үшеуміз жеке қалған сәтте. – Біздің жолымыз халқымыздың сенімі арқасында жүзеге асып отыр. Сол халықтың амандығын тілейік, сол халық үшін абыроймен адал жұмыс істейік. Көңіл көтерер кештің жүрекке ой салған тұсы ұмытылар ма? Болашақ жобалар тек Н.Ә. Назарбаев үшін қажет емес. Ол өз соңынан озық ойлы, заманауи на­рықтық қатынастар кезінде ой ұсы­на алатын, жаңа заманның ж­а­ңа адамдарын қалыптастыруды армандайды. Болашақтың боз жігіттері мен қыздары, Н.Ә. На­зар­баев интеллектуалды мектептері мен Н.Ә.Назарбаев университеті түлектері сол жалпыхалықтық мін­детке айналып отырған әлеу­мет­тік жаңғыру мен ұлттық модернизациялау тұғырнамасының локомотивіне айналатын жаңа ұрпақ. Н.Ә.Назарбаев ұсынып отыр­ған Қазақстанның индустриялық модернизациясы арқылы әлеумет­тік саяси өзгерістерге жол ашыл­мақ. Бұл әлемдік дағдарыс кезіндегі қазақстандық әдістің оңтай­лы орын алғанын айғақтап отыр. Демек, «әуелі экономика – сонан соң саясат» ұстанымы әлі де басым бағытқа ие болатынын мең­зетеді. Әрі бұл азаматтық жә­не ұлттық ұстанымдарға негізделген мемлекет потенциалының қар­қынды дамитын бағдарша­мына айналмақ. Н.Ә.Назарбаев эволюциялық даму арқылы ұлттық санаға ре­волюциялық сілкініс әкелуді жөн деп біледі. Кеңес Одағындағы бесжыл­дықтар мен егемен Қазақстанның бесжылдығының қандай айырма­шылығы бар?! Әлбетте, жер мен көктей. Н.Ә.Назарбаев бесжыл­дықтары Қазақстанның кенжелеп қалған салаларын қайта жаңғырту арқылы экономикалық бесжыл­дық­тарға қол жеткізуге арналған. Аграрлық-индустриалдықтан – ин­дустриялық-инновациялық жос­парлар нақты экономикалық және ғылыми болжаммен үндесе, үде­мелі тұрғыда дамиды. Жаңа онжылдықта халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, ана мен баланы қорғау, ауылдың жаңа инфрақұрылымдарын іске қосу мәселелері ойдағыдай жү­зе­ге асырылмақ. Зайырлы, құқықтық мемле­кет­тің заңдары жұмыс істеп, биліктің үш тармағы теңгермелі түрде да­миды. Жаңа жұмыс орындары ашылып, «Еуропаға жол» бағдар­ламасы жаңа сипатқа ие болады. Ұйымдасқан қылмыспен, коррупциямен күрес ымырасыз жүр­гізіледі. Қазақстан азаматтары заң алдында бірдей жауапты екенін түсініп қана қоймай, ол өмір заң­дылығына айналады. Бұған соңғы уақыттағы жоғары лауазымды ше­неуніктердің жауапқа тарты­луы айғақ болады. 2012 жылғы Парламент Мәжі­лісінің сайлауында кемінде екі пар­тия болатындығы белгілі. Өйт­кені сайлау жөніндегі заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Ал көп дауыс ал­ған партиялардың өкілдері 7 пай­ыздық деңгейден өткен жағдайда Парламент Мәжілісінен өзінің орнын алары анық. Бір қарағанда мұның бәрі қиял сияқты. Ал шындығына келгенде Н.Ә.Назарбаев құрғақ уәденің ада­­мы емес, ол нақты істердің ада­мы. Өмірлік тәжірибесі мол, шаруа­шы­лықты, экономиканы, ғы­­лымды, қо­ғамдық ойды игерген озық ойлы Адам, әлем мой­ын­даған саясаткер. Сонымен бірге, Н.Ә.Назарбаев посткеңестік жүйеде реформатор ретінде танылып отыр. Қазір Ук­раина қазақстандық жолды таң­да­са, Ресей де бұл үрдістен бас тартпай отыр. «Қазақстан соңғы жылдары бұ­рынғы Кеңес елдері кеңісті­гін­де ғана емес, әлемде де әлеу­мет­тік-экономикалық дамудың қар­қыны мен сапасы жағынан көш­басшы болып келеді. Әрі әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстанның осы артықшы­лы­ғы бұрынғысынан да айқындала түс­ті» (И.Николаев, экономика ғы­лым­дарының докторы, ФБК ком­паниясы стратегиялық сараптама департаментінің директоры). ...Қазақстан тәжірибесін пай­далану арқылы Ресей Феде­ра­ция­сында кеңінен етек жайып келе жатқан дағдарысты тоқтатып, Қазақстан Республикасы қол жет­кізіп отырған айтарлықтай сәт­тілікке жетуге орасан зор мүм­кіндіктер тудыратын еді (М.Де­легин, экономика ғылымдарының докторы, жаһандану мәселелері институтының директоры). Міне, Қазақстан болашағы осындай жарқын да жасампаз. Президент Н.Ә.Назарбаевтың әр минуты халқына қызмет етуге арналған. Оған мына деректерді келтірсек те жеткілікті. «Президент Н.Ә. Назар­баев­тың қаты­суы­­­мен 2010 жылы 500-ден астам хаттамалық іс-ша­ра­лар өтті. Мемлекет басшысы 14 мә­жіліс өткізді. ...еліміздің өңірлеріне 12 рет жұмыс сапарларын жасады. Оның қатысуымен 180 кездесу мен халықаралық сипаты бар іс-шаралар өткізілді, олардың қа­та­рында екіжақты қарым-қа­ты­­настардың шеңберінде шет елдерге жасалған 7 сапар және 16 көпжақты саммит пен 5 халықаралық форум бар. Н.Ә.Назарбаев 40-тан астам баспасөз мәслихаттары мен брифингтер өткізіп, шетелдік және отандық жетекші БАҚ-тарға 14 сұхбат берді. Жыл бойы Президент 2500-ге жуық құжаттарды қарап, қол қойды, олардың қатарында 132 заң, 220 жарлық, 61 өкім, 15 мәжіліс хаттамалары, 1500-нан астам қызметтік құжаттар, талдамалық және ақпараттық– анықтамалық материалдар, аза­мат­тардың 218 арыз-шағым­да­ры мен хаттары бар. Осы кезеңде мемлекет бас­шысы барлығы 76 күн іссапарда болды, оның 32 күні шет елдерге, 44 күні Қазақстанның өңірлеріне арналды» (Махмұт Қасымбеков, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы). Деректер айтуға ғана жеңіл. Бұл сапарлардың әрқайсысы Қа­зақ­станның гүлденуіне, инвести­ция­лардың артуына, саяси аре­на­дағы ел беделі мен біліктілігін көтеруге, қарапайым халықтың ойы мен сұранысын білуге, әділет іздеген адамдардың арашасы бо­луға, сан құжаттарды сана мен ұлт мүддесі тұрғысынан қарап екшеуге, бір сөзбен айтқанда, хал­қына қалтқысыз қызмет атқарып жүрген өмір жолының бір үзік кестесі ғана. Сондықтан да халық – төреші, халық – әділ сарапшы. Міне, референдум идеясының түп-төркінінде халықтың Н.Ә.На­зар­баевқа сенім арта отырып, Ел­басы ұсынған «Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыруына мүмкіндік беру мәйегі жатыр. Ха­лықтың ұлы таңдауына бас иесің! Уәлихан ҚАЛИЖАН, Мәжіліс депутаты.