Алла тағала адамзатты бірінші жаратып, жер жүзіне жіберген күннен бастап ақыр заманға дейін бүкіл әлем жұршылығы тыныштықта бір-бірімен тату тірлік орнатып, ынтымақпен өмір сүру керек деп айтқан. Міне, содан бері мыңдаған ғасырлар өтсе де, дүние жүзінде әртүрлі жағдайлар қылаң беріп, көптеген елдерде бір-бірімен талас-тартыс, күш көрсету, жауласу сияқты келіспеушіліктер болып жатыр. Осы жағдайларды көрген біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тұратын этностардың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Бұл Ассамблеяның Қазақстанға берген жемісі көп болды. Бірлік, ынтымақтың арқасында экономикамыздың деңгейі көтеріліп, ТМД-да бірінші болып дағдарыстан шықтық. Мұның бәрі біздің Елбасымыздың тура саясаты мен ел басқару жүйесіндегі тұрақтылықтан деп білемін.
Ол барлық уақытта тыныштық үшін, өз елі үшін, керек болса бүкіл әлем халықтарын бірлікке шақырып, ынтымақ туын көтеріп жүр. Екінші бір жағдай, еліміздегі барлық ұлттың басын қосып бәріне бірдей құқық беріп, өз мәдениеттеріңді, тілдеріңді, салт-дәстүрлеріңді ұмытпаңдар деп, олардың арасынан тоғыз депутат сайлаудың өзі үлгі, баға жетпес іс емес пе! Осының бәрін мен өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естіп, осындай парасатты Президенті бар мемлекетте өмір сүріп, бала-шаға өсіргеніме өте қуаныштымын. Елбасының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бастаманы қолдаған миллиондар қатарында мен де бармын.
Қожахмет АЙСАЕВ.
Шымкент.