19 Қаңтар, 2011

Жастар Президентке сенеді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан үшін 2010 жыл ер­екше толағай табыстарға толы жыл болды. Егемен ел болып, тәу­елсіздігіміздің 20 жылдығына аяқ бастық. Тәуелсіз ел болу ға­сырлар бойы ата-бабалары­мыз­дың арма­ны еді. Бүгінде еліміз дамудың даң­ғыл жолына түсті. Мемле­кетті­гіміздің негізін қалап, еліміз­дің көсегесін көгертіп, әл­емге таны­тып келе жатқан Президентіміз бар. Сонымен қатар Ел­басы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың көреген сая­са­тының арқасында еліміз бү­гінгі таңда бүкіл әлем жұртшы­лығына әйгілі болды. Он­ың дәлелі ретінде желтоқсан айы­ның ба­сын­да өткен ЕҚЫҰ саммитін айта­мыз. Елба­сы­мыздың ерен еңбе­гінің арқа­сын­да ЕҚЫҰ-ға төраға­лық етіп, қазақ елін бү­кіл әлем мойындады, Қазақ­стан­ды қарқын­ды дамып келе жат­қан мемлекет ретінде таныды. Мемлекет басшысы ел эконо­микасымен бірге мәдениет пен өнердің, ғылымның дамуына да үлкен үлес қосуда. Біз жастар Тә­уелсіз Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен талай биікті бағын­дырдық, әлі талай бағындырамыз. Алда әлі талай белес тұр. Президентіміз үшін мақтанамыз! Нұр­сұлтан Назарбаев қазақ халқының қалау­лы­сы, басына қонған бағы! Біз қазақ жастары Елбасын қол­даймыз. «Қа­зақстанның болаша­ғы — жас­тардың қолында» деп айтқан Ел­басымыз жастар сая­са­тына үлкен мән береді. Біз Қа­зақстан Респуб­ликасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевқа сенеміз! Аягүл САДУАҚАСОВА.