13 Сәуір, 2016

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-04-16-akim_pavlodarАСТАНА. 13 сәуір. Облыс әкімі Болат Бақауовтың өкімімен және мәслихат депутаттарының келісімімен Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Нұржан Әшімбетов бұған дейін облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Ол 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черное ауылында туған. Зооинженер мамандығы бойынша Алматы зооветеринарлық институтын және бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын бітірген. Еңбек жолын Мемлекеттік мүлік жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің маманы болып бастап, кейін халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттікке қарасты «Карана» корпорациясының кеңесшісі қызметін атқарады. 1997-1999 жылдар аралығында – Лебяжі ауданындағы өндірістік кооператив төрағасы, агрофирма директоры болған. 1999-2008 жылдар аралығында – Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы. 2008-2009 жылдары – Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2009-2012 жылдары Петропавл қаласының әкімі қызметін атқарған. 2012 жылғы 1 ақпанда Павлодар облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. Талғат Райымбек. Дерек, фото: NewTimes.kz.