13 Сәуір, 2016

«Реал» мен «Манчестер Сити» жартылай финалға шықты

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
SOCCER-CHAMPIONS-MAD-WOL/ АСТАНА. 13 сәуір. Бүгін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчтары басталды. Алғашқы ойындар Мадрид пен Манчестер қалаларында өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Реал» (Мадрид, Испания) – «Вольфсбург» (Вольфсбург, Германия) 3:0 (2:0) Испанияның «Реал» командасы өз алаңында Германияның «Вольфсбург» клубын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Вольфсбурге өткен бірінші ойында Мадридтің командасы 2:0 есебімен жеңілгенін білеміз. Сондықтан «Реалға» жартылай финалға шығу үшін қарсыластарын үш доп айырмашылығымен немесе ең болмағанда гол жібермей 2:0 есебімен ұту керек болатын. Сонда ғана алаң иелеріне жартылай финалға жол ашылатын еді. Мадридтің клубы осы мақсатты толығымен, тіпті артығымен орындады десе болады. Кездесуде Роналду үш доп соғып, хет-трик жасады. Ол бірінші голын 16 минутта, екіншісін бір минут өткенде соқса, үшінші добын 77 минутта торға тоғытты. Сөйтіп, «Реал» екі ойынның нәтижесі бойынша жартылай финалға шықты. Ал, «Вольфсбург» атақты Мадридтің клубына екі матчта нағыз қарсылас болып, лайықты ойын өрнегін көрсетті. УЕФА Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы қарсыластардың екінші матчтары. 13 сәуір. Мадрид. «Сантьяго Бернабеу» стадионы.   Төреші: Кашшаи Виктор (Венгрия) «Реал»:Навас,Карвахаль, Рамос (капитан), Пепе, Марсело, Кроос, Касемиро, Модрич (Варан 90'), Бэйл, Бензема (Хесе 84’),Роналду «Вольфсбург»: Бенальо (капитан), Виейринья, Налдо, Данте, Родригес, Густаво, Гилавоги (Дост 80’), Энрике (Калиджиури 73’), Арнольд, Дракслер (Крузе 32’), Шюррле Голдар: Роналду 16’, 17’,  77’ Ескерту алды: Роналду 80’ — Арнольд 45’, Густаво 76’, Данте 85’, Виейринья 90’ SOCCER-CHAMPIONS-MCI-PSG/ «Манчестер Сити» (Манчестер, Англия) – «Пари Сен-Жермен» (Париж, Франция) 1:0 Бұл кездесу де тартысты және қызықты өтті. Парижде қарсыластар 2:2 есебімен тең ойнаған соң, екеуіне де жартылай финалға шығу үшін жеңіс керек еді. Сондықтан командалар ойын басталысымен қорғаныста жатып алмай, шабуылға шығып, доп соғуға тырысты. Алайда бірінші таймда қарсыластар бір-біріне қаншама рет қауіпті жағдай жасағанымен, ешкім гол соға алмады. Ойынның тағдыры екінші таймда шешілді. 76 минутта алаң иелерінің  де Брейне деген жартылай қорғаушысы жалғыз доптың авторы атанды. Сөйтіп, «Манчестер Сити» жартылай финалға шықты. Бұған команда әбден лайық деп ойлаймыз. 13 сәуір. Манчестер «Этихад Стэдиум» стадионы. Төреші: Карбальо Карлос Веласко «МанчестерСити»: Харт, Санья, Отаменди, Мангала, Клиши, Фернандиньо, Фернандо, Навас, де Брёйне (Туре 84’), Сильва (Делф 87’), Агуэро (Ихеначо 90’) «Пари Сен-Жермен»: Трапп, Ван дер Виль Грегори, Орье (Пасторе 61’), Силва, Максвелл, Рабио, Маркиньос, Мотта (Лукас 44’), Ди Мария, Ибрагимович, Кавани. Гол: де Брёйне 76’ Ескерту алды: Фернандиньо 72’ — Трапп 29’, Пасторе 67’, Ван дер Виль Грегори 68’ Дастан Кенжалин. Дерек, фото: eurosport, euro-football.ru Видео: vkontakte әлеуметтік желісі.