13 Сәуір, 2016

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 5-туры өтті

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13.04.2016 AST-6 АСТАНА. 13 сәуір. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 5-туры өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы турда «Астана» клубы тағы да жеңіске жетті. Астаналықтар сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу «командасымен кездесіп, 1:0 есебімен ұтты. Сөйтіп, турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Астана» үш ұпай жинап, орнын мықтап алды. Премьер-лигаға бірінші лигадан келген «Ақжайық» командасы да сырт алаңда жеңісті тойлап Оралға қайтып кетті. Олар «Тараздың» қақпасының торына бір голды тоғытты. «Ақжайық» 4-турда «Оқжетпестен» өз алаңында оңбай жеңілген болатын. Сол жолы кеткен есені Таразда қайтаруға бар күш-жігерін салып, діттеген мақсатына жетті. «Жетісу» (Талдықорған) – «Астана» (Астана) 0:1 (0:0) Гол: Юрий Логвиненко 77 «Тараз» (Тараз) – «Ақжайық» (Орал) 0:1 (0:0) Гол: Қуаныш Бегалин 80 Сол сияқты бүгін Алматы, Көкшетау, Қостанай, Павлодар қалаларында көкмайса алаңға шыққан командалардың ойындары қызықты да тартысты өтті. Бұл матчтар мынадай есеппен аяқталды: «Тобыл» (Қостанай) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 1:2 (1:1) Голдар: Константин Дудченко 6 – Асланбек Кәкімов 21, Никита Бочаров 70 «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Атырау» (Атырау) 2:0 (1:0) Голдар: Марат Хайруллин 43, Жасұлан Молдақараев 59 «Ертіс» (Павлодар) – «Ордабасы» (Шымкент) 2:0 (0:0) Голдар: Роман Мұртазаев 63, Гогита Гогуа 73 «Қайрат» (Алматы) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:0 Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz.