14 Сәуір, 2016

22 жылдан кейінгі қауышу

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дананемесе зейнеткер әйелдің қуанышы Аттай 22 жыл. Осынша уақыт отбасынан алыста өмір сүру кім­ге болса да оңай емес. Таяуда Қы­зылжар өңірінің полицейлері үй ішінен жырақтап қалған әйел­дің ту­ған-туыстарын табуына көмек­тесті. 66 жастағы Сымбат апа Петро­павл қалалық ішкі істер бас­­қармасының көші-қон поли­циясына келіп, құжаттарын қалпына келтіруге өтінішін жазған. Көп жыл бұрын есін жоғалтқан әйел өзі туралы нақты деректер айта алмағандықтан, көмекке жер­гілікті полицейлер келген. Атап айтқанда, полиция капитаны Дана Елеусізова зейнеткерге туыстарын табуға жәрдемдескен. Кезекті рет мәліметтер базасындағы фото­суреттерді көрсету кезінде Жам­был облысында балалары мен немерелері тұратынын анықтаған. Ол жаққа Сымбат апайдың фотосы жолданып, ұзамай ұлы телефон соққан. Сөйтіп, көп жылға созылған сергелдеңге соңғы нүкте қойылып, бейбақ ана отбасымен табысқан. Оның алты баласы осыдан 22 жыл бұрын із-түзсіз ғайып болған аналарын қанша іздестірсе де, таппай, шарқ ұрған. Тиісті орындар оны ақырында «өлгендер» санатына қосып, есептен шығарған. 1990-жылдардың ортасында саудамен айналысқан әйел Қарағандыда қылмыскерлердің құрбанына ай­налған. Есін жоғалтып, ұзақ жылдар бойы қайда болса сонда жұмыс істеп, күн көрген. Қарағандыда бір ер адам оған пана болып, отбасын құрған. Әйел есімінен басқа өзі туралы ештеңе айта алмаған. Бұдан екі жыл бұрын зейнеткерлер Қарағандыдан Петропавлға көшіп келген. Талай жыл сер­гелдеңге түскен оған жуырда жеке куәлік тапсырылып, тұрақты тір­кеуге алынды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»