14 Сәуір, 2016

Қадым ғасырдан қалған қабір

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мумия 2Алтай тауларының қойнауынан табылды Моңғолияның Алтай тауларында мал бағып жүрген адам ежелгі моланың орнын тапты. Содан кейін ол дереу мамандарға хабар берген. Қазір ежелгі жәдігерлермен танысу үшін арнайы мамандар аталған жерге барып, зерттеу жұмыстарын бастады. Ховд мұражайының қызметкері Б.Сүхбаатардың айтуынша, бұл – Моңғолия жеріндегі, мүмкін Ор­талық Азия­дағы сол күйінде сақ­талған қабірдің бірі. Археологтардың болжамы бо­йынша, зират Алтай жерінде 1500 жыл бұрын өмір сүрген түркітіл­дес тайпалардың біріне тиесілі. Мәйіттің жанынан жыл­қының сүйегі, жүген, саздан жа­салған ыдыс, шөміш табылған. Бұл заттар – көшпелі халықтың тұр­мысына қажет дүниелер. Осы­ған қарап, ғалымдар оның әйел адам екені жөнінде болжам жа­сады. – Біздің пайымдауымызша, мола әйел адамға тиесілі. Себебі, зерттеу жұмыстары кезінде ер адамға қа­тысты зат таппадық. Әдетте, олар жауын­гер ретінде қару-жарақ­та­ры­мен бірге жерленетін, – деді Б.Сүхбаатар. Зират жерден 2803 метр биік­­тікте, тау шатқалында ор­на­лас­қан. Осыған байланысты бұл орын­­ға ешкім батып кіре ал­­ма­ған. Тарихи заттардың бү­лін­бей, әрі де­ненің мумияға ай­на­луы­на ай­мақтағы климаттың сал­қын­дығы әсер еткен. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»