14 Сәуір, 2016

Саяхатшы Сапар аға

1522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
қазақ даласы жайлы деректі фильмқазақ даласы жайлы деректі фильм түсірмекші Қазақтың киелі топырағында дүниеге келіп, жер шарын шарлап саяхатшы атанған Сапар Ысқа­қовты біреу білсе, біреу білмес. Ол әлемнің 120-дан астам елін аралап шыққан. Саяхат жасап, әр елдің дәстүрі мен мәде­ниетіне қаныққан. Бүгінде Сапар Ысқақов Тәу­ел­­сіздікке тарту жасау мақса­тында деректі фильм топтамасын түсі­руді қолға алды. «Ұлы Даланың мәң­гілік елі» атты телетуынды еліміз егемендігінің 25 жылдығына арналады. Фильм 40-50 бөлімнен тұрады. – Біздің мақсатымыз қазақ тұлпарының тұяғы қай жерге дейін жеткенін көрсету болып отыр. Бұл – бүгінгі ұрпаққа батыр бабаларымыздың жүріп өткен жолын, күш-жігері мен қажыр-қайратын үлгі ету. Сонымен қатар, ақ найзаның ұшымен олар­дың қандай өркениетті ел құрға­нын айту, – дейді Сапар Ысқақов. Аталған жобада мемлекеттің құрылу тарихы қамтылады. Экс­педиция биылғы сәуір айында бас­талып, осы жылдың қара­шасына дейін созылады. Сапар барысында түсірілім тобы Ресей, Моңғолия, Түрікменстан, Әзербайжан, Украи­на, Болгария секілді бірнеше мемлекетті аралайды. Айта кетейік, жоба авторы бұл деректі фильмді қазақстан­дық­тарға Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығы мерекесі қарсаңында көр­сетуді жос­парлап отыр. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»