14 Сәуір, 2016

Ынтымақты зейнетақы еселеп ұлғайды

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17 жылда қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. 1999-2015 жылдар аралы­ғында Қазақстанда ынтымақты зейнет­ақының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды. 1999 жылы ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 4 мың 179 теңге болды, 2015 жылы аталған көрсеткіш 39 мың 379 теңгені құрады. Көрсетілген кезеңде зейнет­ақы шығындары 1999 жылы 99,1 млрд.теңгеден 2015 жылы 918,4 млрд. теңгеге дейін 9,3 есеге жуық өсті. Естеріңізге сала кетейік, Қа­зақ­­стандағы ынтымақты зей­­нет­­­ақының көлемі жыл сайын инфляция дең­гейінен 2% басым көр­сеткішпен ин­декстеледі. 2016 жылғы 1 қаң­тардан бас­тап ынты­мақты зейнетақы төлем­дері 9%-ға өсті. Биылғы жылғы 1 нау­рыздағы мәліметтерге сәйкес, қазір Қазақ­станда 1,9 млн. зейнеткер бар екен.