2015 жылғы 20 наурыз, Астана қаласы
«Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы және көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы, 1-тармағының, 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 236-бабына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 597 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресу жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспардың 3-тармағын орындау үшін бұйырамын:
1. «Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы және көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5876 болып тіркелді, «Юридическая газета» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 187 (1784) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы және көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидаларын бекіту туралы»;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің көтермелеуінің мынадай түрлері бекітілсін:
1) «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапаттау;
2) «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгімен марапаттау;
3) Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің (бұдан әрі - Министр) Алғысын жариялау;
5) ақшалай сыйақы беру.
2. Министрліктің Құрмет грамотасымен денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Министрліктің марапаттау жөніндегі комиссиясының мінездемелерін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Министрдің бұйрығының негізінде:
1) мінсіз адал еңбегі және азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі үшін;
2) медицина ғылымын, білім беруді және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;
3) денсаулық сақтау саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін марапатталады.
3. Министрдің Алғысы денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне Министрліктің марапаттау жөніндегі комиссиясының мінездемелерін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Министрдің бұйрығының негізінде:
1) Министрлік басшылығының тапсырмаларын тиісті деңгейде және адал орындағаны үшін;
2) лауазымдық міндеттерін және аса маңызды әрі күрделі тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны үшін жарияланады.
4. Әскери-медициналық (медициналық) құрылымы бар Министрліктің қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдары, орталық атқарушы органдар, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі, кандидаттардың мінездемелерін Министрлікке береді.
5. Меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдары, жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар кандидаттардың мінездемелерін оларды Министрлікке жіберетін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына береді.
6. Министрліктің Құрмет грамотасымен және Министрдің Алғысымен марапаттауды Министрліктің басшылығы марапатталатын адамның марапаттау туралы мәліметтерін Министрдің бұйрығының күні мен нөмірін көрсете отырып еңбек кітапшасына енгізу арқылы жүргізеді.
6-1. Медициналық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерді ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты, оның ішінде аса күрделі және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін жүргізіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Медицина қызметкерлерінің, МСАК субъектісінің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға арналған ЖБНЫК есепті жылдың ішінде толық көлемде пайдалануға жатады.»;
31- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«31. МСАК қызметкерлеріне ЖБНЫК сомасын бөлу толық көлемде түпкілікті нәтиже индикаторларына және МСАК субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларының мәндеріне ықпал ететін индикаторлар процесіне (бұдан әрі – индикаторлар процесіне) қол жеткізуге МСАК қызметкерінің қосқан үлесіне қарай комиссия шешімінің негізінде ай сайын жүзеге асырылады.»;
32-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – МФҚБК) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МФҚБК АД).»;
Қағидаға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.Ц. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №157 бұйрығына қосымша
Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесіне қағидасына 1-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері*
Р/с № Көрсеткіштердің атауы Ақпарат көзі Ықпалы
1. Пациенттердің құқықтарының
бұзылуымен байланысты
негізделген жазбаша және ауызша шағымдардың болуы Ұйым басшысының келушілерді қабылдау журналы, азаматтардың жазбаша шағымдарын есепке алу журналы, блоктарға арналған сұратулар, МФҚБК АД-ның тексеру парақтары мен актілері Балл және
(немесе) соманы төмендету
2. Емдеу мен диагностикалау
нәтижесінде туындаған алдын алуға болатын өлім жағдайларының, асқынулардың, оның ішінде пациенттің мүгедек болуына әкелетін жағдайлардың болуы Стационарлық науқастың статистикалық карталары, ішкі аудит қызметінің басшысы бекіткен бөлімше меңгерушісінің немесе комиссияның қорытындысы, сараптамалық тексеріс актілері, ӨЖЗК** отырыстарының хаттамалары және МФҚБК АД-ның тексеру парақтары мен актілері Балл және
(немесе) соманы
төмендету
3 Мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша бұзушылықтардың болуы МФҚБК АД-ның тексеру парақтары мен
актілері Балл және (немесе) соманы
төмендету
4 Пациенттердің қайта жоспарланбаған келіп түсу жағдайларының болуы (бір аурудың себебі бойынша бір күнтізбелік ай ішінде) Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі Балл және (немесе) соманы
төмендету
5 Клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың қайшы келу жағдайларының болуы Патологиялық-анатомиялық зерттеу хаттамасы және патологиялық-анатомиялық отырыстың хаттамасы Балл және (немесе) соманы
төмендету
6 Қызметтің статистикалық
көрсеткіштерінің оң динамикасы Мемлекеттік басқару органына ұсынылатын статистикалық деректер мен есептер Балл және (немесе) соманы
жоғарылату
7 Заманауи технологияларды
енгізу, инновациялық
қызметтің болуы Диагностикалаудың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдануға берілген рұқсат туралы куәліктің болуы немесе бөлімше меңгерушісі қол қойған және емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары бекіткен Енгізу актілерінің болуы Балл және (немесе) соманы
жоғарылату
8 Бактерия бөлетін науқастарда емдеу процесінде қақырық сүртіндісінің конверсиясына қол жеткізу *** Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы, Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі Балл және (немесе) соманы жоғарылату
9 Туберкулезбен ауыратын науқастардың туберкулезге қарсы перапараттарды қабылдауды өткізіп алғанын анықтағаны үшін *** Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы, Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі *** Балл және (немесе) соманы жоғарылату
Ескертпе:
*ұсыныс сипатына ие және денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижесін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға медицина қызметкерлерінің қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияның келісімімен персонал қызметінің бейіні мен санатын есепке ала отырып, денсаулық сақтау субъектісінің қажеттіліктеріне байланысты толықтырылады немесе өзгертіледі.
**ӨЖЗК – өлім жағдайларын зерттеу жөніндегі комиссия.
*** туберкулезге қарсы ұйымдарға қолданылады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10792 болып енгізілді.